Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 маусымда № 28323 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 л-ден аспайтын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 3923 30 10 90 (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды); сыйымдылығы 2 л-ден асатын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923 30 90 90); пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3915 90 11 00) алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне:

      осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыру;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілуі туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттілігі туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады