"Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28712 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қант пен өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 сәуірден 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      Уәкілетті орган 2022 жылғы 7 шілдеден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 7 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге квота көлемдерін бөлуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады:

      бөлінетін квота көлемінің 85%-ы – өтінім беруші-қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге;

      бөлінетін квота көлемінің 15%-ы – өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты ("экстра" санаты) әкелуге.

      Осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім беруші-қант зауытына арналған лимит жиынтық көлемінде 30000 (отыз мың) тоннадан аспайды.

      Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;

      2) өтінімдер қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) нысаны;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) нысаны.

      Өтінім берушілердің өтінімдер беретін соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтініш берушілер (өтініш беруші осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ақпаратты ұсынбаған жағдайда) 2022 жылғы 14 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті органға бөлінген квотаның нақты игерілгені туралы растаухатты жібереді. Бөлінген квота игерілмеген не бөлінген квота толық игерілмеген кезде келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі қоса беріле отырып растаухат жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтініш берушілер уәкілетті органға квота алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ың төленгені туралы төлем құжатының көшірмелерін немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмелерін немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмелерін жібереді.

      Келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ының төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұрын бөлінген квота көлемін жояды. Бөлінген квота көлемінің жойылғаны туралы хабарламаны уәкілетті орган өтініш берушінің өтініште көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына жібереді.

      Уәкілетті орган күшін жойған квоталар көлемі былайша қайта бөлінеді:

      бөлінетін квота көлемінің 85%-ы – өтінім беруші-қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге;

      бөлінетін квота көлемінің 15%-ы – өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты ("экстра" санаты) әкелуге.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тауарлар 2022 жылғы 31 қазанға дейін қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағына алынған квоталар көлемдері шеңберінде әкелінуі мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 213 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2022 жылғы 22 ақпандағы
№ 47 бұйрығына

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Квота мөлшері, тонна

Қолданылу мерзімі

Ақ қант

1701 99 100

350 000

2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап
2022 жылғы 31 қазанға дейін қоса алғанда

Құрақ қанты шикізаты

1701 13
1701 14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады