"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 676 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29141 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысы) сәйкес сотталғандар киім-кешек мүлкімен, кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

      Жатын үй-жайында көзге көрінетін жерде сотталғандардың жатын орындарының орналасу схемасы орнатылады.

      Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екіншітоптағы мүгедектігі бар адамдар мүмкіндік болған жағдайда жатақхана ғимараттарының бірінші қабаттарында тұрады.

      Жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді.

      Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.

      Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар мен төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылғандардан басқа сотталғандарға күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Тексеру плацта жасақтар бойынша сапқа тұрғызу арқылы жүргізіледі. Сотталғандарды карточкалары бойынша салыстырып тексеру, содан кейін сотталғандардың жалпы санын есептеу жүргізіледі.

      Сотталғанның тегі оқылған кезде, ол "Мен" немесе "Я" деген сөздермен дыбыс береді, екі метрден аспайтын қашықтықта қызметкердің алдына келіп, жеке басын карточкадағы фотосуретпен салыстыру үшін бас киімін шешеді, (қысқы кезеңнен басқа) және атын және әкесінің атын (болған кезде) анық және түсінікті түрде атайды. Содан кейін саптың қарама-қарсы жағындағы өз орнына өтеді.

      Сапқа тұрғызудан түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар, төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылған сотталғандар, сондай-ақ тастап кетуі мүмкін емес жұмыстардағы сотталғандар босатылады. Мұндай адамдардың бар-жоғын тексеру олар орналасқан орындарда жүргiзiледі.

      Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың бар-жоғын тексеру, медициналық қорытынды болған кезде оқшауланған учаскеде жүзеге асырылады.

      Емдеу-профилактикалық мекемелерінде сотталғандарды тексеру оқшауланған учаскелер не палаталар бойынша жүргізіледі.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Мекемелердің балалар үйлерiнде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туған-туыстарына не балалар үйiне орналастыру үшiн бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, мекеменiң шегiнен тыс жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмге шығуға, ал мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесуi үшiн жылына дәл сондай мерзiмге бiр рет қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлуi мүмкiн.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар, денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтімге мұқтаж сотталғандардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандардың жұбайымен (зайыбымен), туысымен немесе өзге еріп жүруші адаммен бірге мекеме шегінен тыс жерге шығуына рұқсат етіледі.".

      Осы Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 676 Бұйрыққа
қосымша
Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Сотталғандардардың өздерiнде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерiнен немесе электрондық сауда алаңынан сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тізбесі

      1. темекi бұйымдары, сіріңке, қолшамы және өзге де бейімделген құралдары жоқ оттықтар (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа);

      2. белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiм, шарф, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары, қолғап немесе биялай, бөлмеде киетін аяқ киім (бір дана) және, іш киiм (жылы және қарапайым), тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, свитер, спорт костюмі, спорт аяқ киімі бір жиынтықтан, (спорт костюмдері мен аяқ киім спорттық іс-шараларда қолданылады);

      3. бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, жiп, сүлгi;

      4. жуыну жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, су сабын, шомылуға арналған гель, крем, қырынуға арналған көбік, металдан басқа тарақ, жөке немесе ысқыш, шарикті, гельді дезодорант), шыны ыдыста емес және спирттік негізде емес иіс су;

      5. үш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтерлер, дәке, гигиеналық пакеттер, резеңкеден жасалған шаш қыстырғыш, мақта, спирттік негізде емес косметикалық қажеттіліктер, пластмассалық бигудилар (әйел үшін);

      6. жасақ бастықтарының есебінде, толық қауіпсіздік мекемесінде сақталатын бекет бақылаушысы есебінде сақталатын электр не механикалық ұстара, қауіпсіз ұстара (бір рет қолданылатын), тырнақ алатын құрал;

      7. етiк щеткасы және киiм щеткасы, аяқ киiм кремi;

      8. көзілдірік, сабын және тiс щеткасының қаптары;

      9. алюминий немесе тамақ өнімдеріне арналған пластикалық негіздегі ыдыс (кружка, қасық, тәрелке), электр шәйнегі, зауытта жасалған электр су қайнатқыштар, олар жасақтың тамақтану бөлмелерінде сақталады;

      10. үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нард, тоғыз құмалақ);

      11. оқулықтар, оқушы дәптерi, пошта конверті, ашық хаттар, маркалар, қарындаш, автоқаламсап, сия және стерженьдер;

      12. кітапхананың оқу залында пайдалануға болатын көркем және өзге де әдебиеттер;

      13. соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелері, ақша мен бағалы заттарды сақтауға берілген түбіртектер, фотокарточкалар, фотоальбомдар;

      14. бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын кресттер және табынатын заттар;

      15. балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, контактiлiк линзалар және оларды күтiп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);

      16. телефонның Smаrt-карталары, банктік төлем карталары;

      17. жекезаттарды сақтайтын бөлмелерде сақталатын киім-кешекқабы немесе сөмке;

      18. мекеменің медициналық бөлімінде сақталатын дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар;

      19. бала күтіміне арналған заттар (өздеріменбірге 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге дәрігердің рұқсатымен);

      20. жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ және қоюлатылған сүт, табиғишырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер;

      21. бірадамға 0,5 литр есебіненөсімдік май жәнекемінде 0,75 килограмм есебінен аспайтын тоң май;

      22. өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен жемістер мен көкөністер;

      23. өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқамайы, ірімшік;

      24. өнім атауының әрбір түрінен бірадамғакемінде 2 банка есебіненконсервіленгенботқа, етжәнеөсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;

      25. нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда;

      26. тұздықтар, майонез, бал;

      27. ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бар қаражат есебінен алынған (құрамында порнографиялық материалдар жоқ) газеттер мен журналдар.

      Ескертпе:

      Көрсетiлген тiзбе мекемелер жанындағы дүкендерден және электронды сауда алаңыдарынан қамтамасыз етiледi. Сотталғандар көрсетілген азық-түліктердің сақталу тәртібін бұзған, сондай-ақ бүлінген жағдайда бұзылған азық-түліктер тәркіленеді және жойылады;

      Басқа мекемеге ауыстыру кезiнде сотталғандар өзiмен бiрге тек жеке заттарын, тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарын алады.

      Оларды сотталғандар өздерімен бірге тұратын үй-жайда (камерада) сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың санын жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерге байланысты мекеме бастығы орнатады. Сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 40 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауытиіс.

      Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түбегейлі болып табылады.

      Жұмысқа орналасқан сотталғандарға мекеме бастығының рұқсатымен өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс орнында міндетті түрде мүлік тізбесіне енгізілетін өзге де заттарды, құралдар мен материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі.

      Сотталғандардың меншігіндегі музыкалық аспаптар сақтау үшін қоймаға тапсырылады немесе клубтарға сақтауға беріледі. Оларды арнайы бөлінген үй-жайларда күнтәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.

      Жалпы пайдаланудағы айналар монша үй-жайында және жасақтар мен камералардың жуынатын бөлмелерінде орнатылады (ТИ мен ЖАК-ден басқа).

      Көрсетілген тізбеде көзделген шектеулер қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандарына қолданылмайды, бұл ретте сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімнің және қоймадағы тауарларды қоса алғанда, басқа да өнеркәсіп тауарларының жалпы салмағы 40 кг-нан аспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады