"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 735 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17510 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 

      "4. Мыналар заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда білдіру түрінде көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:

      1) Заңмен берілген өкілеттілік шегінде мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсету;

      2) Заңының 78-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің нормаларын сақтау;

      3) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне өтініш жасаған адамның мүддесіне қайшы келетін істің барысында жеке мүддесі болған кезде, заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тарту;

      4) заң консультанттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады