"Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қыркүйекте № 29429 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.";

      Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

      ___________________________

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      ___________________________

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      ___________________________

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ___________________________

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      ___________________________

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 750 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№1462 бұйрығымен
бекітілген

Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 23-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабы 2-тармағында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық кеңес беру;

      2) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық кодексінің 67-бабының үшінші бөлігінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде, 76-бабының екінші бөлігінде, 174-бабының екінші бөлігінде, 428-бабының төртінші бөлігінде, 478-бабының алтыншы бөлігінде, 495-бабында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;

      3) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 749-бабының және 750 бабының екінші, үшінші, төртінші, бөліктерінде қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;

      4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 112 және 325-баптарында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету.

      3. Бюджеттік қаражаты есебінен төлеуге заң консультанттары көрсетілетін заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабы 2-тармағында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық кеңес беру;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 112-бабында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету.

2-тарау. Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі

      4. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жасаған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      5. Адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде келесі құжаттарды қоса бере отырып жасалады:

      1) Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;

      ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;

      құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

      заң көмегі көрсетілген сағаттың жалпы саны;

      адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;

      тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолы;

      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен соттардың, қылмыстық істі жүргізетін органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулылары, азаматтық істер бойынша адвокатты тағайындау туралы соттардың ұйғарымы;

      3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:

      қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      істің атауы, қаулының шығарылған күні;

      қорғау және өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеу мен заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;

      күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;

      тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің бабы;

      қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);

      күдіктінің, айыпталушының, сотталушының әрекеті өзгертілген күн;

      заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейін қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;

      сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;

      процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына арыз (қарсылық) келтіру уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;

      адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

      Қылмыстық іс бойынша, сондай – ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қорғаушы ретінде қатысқан жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 "Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (бұдан әрі-қаулы) 1-тармағының 1) -3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5 сәйкес жүзеге асырылады;

      4) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      істің атауы, қарау орны және күні;

      заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);

      адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

      5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары, оларда:

      қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған тұлғамен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты.

      6. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

      7. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:

      1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келуінен есептелетін процессуалдық іс-әрекеттің немесе сот отырысының басталуын күту, егер адвокат осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;

      2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер адвокат бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;

      3) сотқа дейін тергеп-тексеру немесе істің сотқа түсуінен кейін, бірақ істің басты сот отырысында немесе азаматтық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралуына дейін, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      4) тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан қорғалушыға бару туралы анықтаманы алғанға дейін адвокаттың қорғалушыны шақыру талонын беру сәтінен бастап есептелетін іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін үйде қамауда болған немесе күзетпен қамауға алынған қорғалушымен, уақытша ұстау изоляторында қорғалушымен, немесе Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне сәйкес заң көмегін көрсету үшін Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 63 қбпү (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15120 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қылмыстық-атқарушы жүйесі мекемесінің Келушілерді есепке алу журналында тіркелген кезден бастап тиісті мекемеден адвокат сотталушымен жолығу туралы анықтама алғанша;

      5) іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін әкімшілік тұтқындауға тартылған қорғалушыға бару;

      6) адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.

      8. Адвокат нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.

      9. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға тағайындалған адвокаттан бас тартса, адвокаттың іспен танысуға кеткен уақыты, кездесу кезіне заң көмегін көрсетуге, оның ішінде адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына келтірілген қарсылықтарына уақыты, осындай бас тартудың процессуалдық рәсімделуі, адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады.

      10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

      Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.

      Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.

      Азаматтық іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы сот ұйғарымы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.

      Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Адвокаттар алқасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.

      Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді.

      11. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішін жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 5-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

      12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, қаулылар мен ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жасайды және адвокаттың банктік шотына адвокаттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.

      Адвокаттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 5-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін адвокатқа қайтарады.

      13. Ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған өтініштері бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

3-тарау. Заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі

      14. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Заң консультанттың өтініші) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жасаған заң консультант көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      15. Заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен Заң консультант көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде келесі құжаттарды қоса бере отырып жасалады:

      1) Заң консултанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған заң консультанттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

      заң консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;

      құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

      заң көмегі көрсетілген сағаттың жалпы саны;

      заң консультанттың электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы көрсетіледі;

      2) азаматтық істер бойынша заң консультантты тағайындау туралы соттардың ұйғарымы;

      3) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      істің атауы, қарау орны және күні;

      заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      заң консультант қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      заң консультанттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      заң консультант қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);

      заң консультанттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

      заң консультанттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      заң консультанттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі.

      16. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

      17. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:

      1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта заң консультанттың келуінен есептелетін сот отырысының басталуын күту, егер заң консультант осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;

      2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер заң консультант бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;

      3) істің басты сот отырысына дейін азаматтық іспен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      4) өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.

      18. Заң консультант нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.

      19. Азаматтық іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы сот ұйғарымы заң консультанттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.

      Нақты іс бойынша ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні заң консультантқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Заң консультанттар палатасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.

      Өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште заң консультант нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін заң консультант Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      20. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша заң консультант мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішін жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

      21. Аумақтық әділет органы заң консультанттың өтінішінің заң консультанттың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, заң консультанттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жасайды және заң консультанттың банктік шотына заң консультанттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген заң консультанттың төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.

      Заң консультанттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 16-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін заң консультантқа қайтарады.

      22. Ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған өтініштері бойынша заң консультанттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

  Адвокат, заң консультанты
көрсететін, мемлекет кепілдік
берген заң көмегіне ақы төлеу
және құқықтық консультация
беруге, қорғауға және өкілдік
етуге, сондай-ақ татуластыру
рәсімдерін жүргізуге
байланысты шығыстарды
өтеу Қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

АДВОКАТТЫҢ ӨТІНІШІ _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ___________________________ (адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

№ №

Адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері

Заң көмегін алған тұлғалардың саны

Қаулылар саны

Сағаттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

1.

Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету







2.

Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





3.

Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





4.

Соттарда қылмыстық істер бойынша айыпталушының, сотталушының қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





5.

Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





6.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша заң көмегін көрсету






7.

Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы






Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы





8

Барлығы






9.

Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге

Іссапардың жалпы саны

Іссапар күндерінің жалпы саны

Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы

  Адвокат, заң консультанты
көрсететін, мемлекет кепілдік
берген заң көмегіне ақы төлеу
және құқықтық консультация
беруге, қорғауға және өкілдік
етуге, сондай-ақ татуластыру
рәсімдерін жүргізуге
байланысты шығыстарды
өтеу Қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ӨТІНІШІ _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ___________________________ (адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

№ №

Адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері

Заң көмегін алған тұлғалардың саны

Қаулылар саны

Сағаттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

1.

Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету







2.

Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы







3.

Барлығы






4.

Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу

Іссапардың жалпы саны

Іссапар күндерінің жалпы саны

Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады