"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29708 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді объектінің білікті мамандары немесе әлсіз тоқ жабдығымен жұмыс саласындағы ұйымдар орындайды.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды тапсырыс беруші мен монтаждау-баптау (іске қосу-баптау) ұйымы өкілдерінің қатысуымен комиссия әрбір бес жыл сайын жүргізеді.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Стационарлық жабдықтың, күштік және жарықтандыру желісінің электр сымдарының жай-күйін тексеру, сымдардың, кабельдер мен жерге тұйықтау құрылғыларының оқшаулағышының кернеуін сынау және өлшеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10949 болып тіркелген) талаптарында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.";

      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "339. Жатқан мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үй-жайларда оларды неғұрлым жылдам эвакуациялау есепке алынып, орналастырады.";

      1074-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1074. Сығымдалған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар, газ-баллон жабдығымен қамтамасыз етілген автомобильдерді басқа мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген және оларға жапсарлас, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық типтегі автотұрақтар мен паркингтерге қоюға болмайды.";

      1188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1188. Осы Қағидалардың 1187-тармағының ережелері мынадай сұйытылған көмірсутек газдары мен олардың қоспаларын тасымалдауға арналған арнайы теміржол вагон-цистерналарын пайдалану және оларға қызмет көрсету кезінде орындалады: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан, н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутилен-дивинильді фракция, изобутилен, изобутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изобутилен фракциясы, пайдаланылған бутан-изобутилен фракциясы, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газ бензині, бутан-бутилен фракциясы, пропан-пропилен фракциясы, жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы.";

      1572-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы И. Кульшимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Орталық сайлау комиссиясы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады