"Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 332/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29790 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.03.2023 № 130/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Қорға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарлайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды.

      Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:

      "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер);

      "құпия" белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "құпия" белгісі бар мәліметтер;

      ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады.

      Қор мәліметтерді қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 332/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық
геодезиялық қорының
құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу;
2. "Құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу;
3. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу.

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушімен келесідей жүзеге асырылады:
1. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу;
2. "Құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу.
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталымен келесідей жүзеге асырылады:
1. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

(19) он тоғыз жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде:
1. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу;
2. "Құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу;
Электрондық (толық автоматтандырылған):
3. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде ("қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
2) "құпия" белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
"құпия" белгісі бар мәліметтер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде ("құпия" белгісімен).
3) ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
мәліметтер немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) www. gov. kz/ mem leke t/ ent itie s/ mdai және Қордың www. nkgf. kz. ресми сайттарында орналастырылатын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң)
5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) уәкілетті органның www. gov. kz/ mem leke t/ ent itie s/ mdai интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік қызметті берушіге:
1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
"қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) "құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
"құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
Порталға:
3) ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электрондық өтініш;
жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы мәліметтер не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы төлемді растайтын құжаттарды ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді.
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар, "құпия" грифі бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады