Энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31136 болып тіркелді

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 717 Бұйрығымен
бекітілген

Энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесі "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, өнеркәсіптік және өндірістік процестер үшін энергия тұтыну нормативтерін айқындау мақсатында қолданылады.

      2. Осы Әдістеме мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, өнеркәсіптік және өндірістік процестер үшін энергия тұтыну нормативтерін есептеу жөніндегі тәсілдерді айқындайды.

      3. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі – МЭТ) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы жүйелі ақпарат жинағы;

      2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – жылына мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;

      4) мемлекеттік мекеме – егер қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті немесе бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен ғана ұсталатын коммерциялық емес ұйым.

2-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің энергия тұтыну нормативтерін есептеу

      4. Энергия тұтыну нормативтері "Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 68-НҚ бұйрығымен бекітілген "ҚР ҰЖ 03-2019 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне" сәйкес төменде көрсетілген қызмет түрлері бойынша бөлінетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты есептеледі:

      1) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;

      2) өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

      3) ветеринариялық қызмет;

      4) мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету;

      5) білім;

      6) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

      7) тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсету;

      8) тұрғылықты жерін қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету;

      9) шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет;

      10) кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет;

      11) спорт, демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру саласындағы қызмет.

      5. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің энергия тұтыну нормативтері міндетті түрде ескеріле отырып есептеледі:

      1) "Құрылыс климатологиясы" Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 312-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қағидалар Жинағы 2.04-01-2017 сәйкес Қазақстан Республикасының климаттық аудандастыру өлшемшарттары;

      2) жылыту түрлері (орталықтандырылған, дербес);

      3) энергетикалық ресурстың түрлері.

      6. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің энергия тұтыну нормативін айқындау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері ғимараттарының жылытылатын алаңының бірлігіне энергетикалық ресурстардың үлестік шығысы есептеледі.

      7. Жылытылатын аудан бірлігіне энергия ресурстарының үлестік шығыны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Norm = n/A,

      мұнда,

      Norm – жылытылатын аудан бірлігіне (тиісті өлшем бірлігі) энергетикалық ресурстардың үлестік шығыны;

      n – энергетикалық ресурстың көлемі (жылу энергиясы – Гигакалория, тас көмір –тонна, табиғи газ - текше метр , электр энергиясы - киловатт*сағат);

      А – бөлменің жылытылатын ауданы (шаршы метр).

      8. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің энергия тұтыну нормативтерін айқындау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жылытылатын алаңының бірлігіне энергетикалық ресурстардың үлестік шығысы бойынша нақты деректер пайдаланылады.

      9. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің түрлері, климаттық аудандастыру, жылыту түрлері, энергетикалық ресурстардың түрлері, энергетикалық ресурстардың көлемі және үй-жайлардың жылытылатын алаңдары бойынша МЭТ деректерін талдау шеңберінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің энергия тұтыну нормативі болып табылатын жылытылатын алаңның бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығысының орташа мәні айқындалады:

      Normср = (Norm1 + Norm2 + ... Normх )/N,

      мұнда,

      Normcp – жылытылатын аудан бірлігіне энергия ресурстарының үлестік шығынының орташа мәні;

      Норма1,2...X – мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің жылытылатын алаңының бірлігіне энергетикалық ресурстардың үлестік шығыны;

      N – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны.

3-тарау Өнеркәсіптік және өндірістік процестер үшін энергия тұтыну нормативтерін есептеу

      10. Энергия тұтыну нормативтері "Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 68-НҚ бұйрығымен бекітілген "ҚР ҰЖ 03-2019 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне" сәйкес төменде көрсетілген қызмет түрлері бойынша бөлінетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты есептеледі:

      1) тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу:

      шикі мұнай және табиғи газ өндіру;

      басқа пайдалы қазбаларды өндіру;

      өңдеу өнеркәсібі;

      2) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру:

      мұнай өңдеу өнімдерін өндіру);

      3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру:

      өнеркәсіптік газдар өндірісі;

      басқа да негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру;

      тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қосылыстар өндірісі;

      тыңайтқыштар өндірісі;

      құрамында азот бар қосылыстар өндірісі;

      бастапқы формадағы пластмасса өндірісі;

      бояулар, лактар және ұқсас жабындар, типографиялық бояулар мен мастикалар өндірісі;

      басқа химиялық өнімдерді өндіру;

      жасанды және синтетикалық талшықтар өндірісі;

      4) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі:

      шыны және шыныдан жасалған бұйымдар өндірісі;

      отқа төзімді бұйымдар өндірісі;

      цемент өндірісі;

      әк және құрылыс гипс өндірісі;

      құрама темір-бетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіру;

      силикат кірпіш өндірісі;

      асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі;

      5) металлургия өнеркәсібі:

      шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі;

      шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі);

      құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі;

      асыл (бағалы) металдар өндірісі;

      алюминий өндірісі;

      қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі;

      мыс өндірісі;

      басқа түсті металдар өндірісі;

      сурьма және сынап өндірісі);

      6) басқа да электр жабдықтарын өндіру;

      7) электр энергиясын өндіру:

      жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіру;

      басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі;

      су электр станцияларының электр энергиясын өндіру;

      бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;

      жылу энергиясын беру;

      6) құрлық және құбыржол көлігінің қызметі:

      құбыр көлігінің қызметі.

      11. Өнеркәсіптік және өндірістік процестердің энергия тұтыну нормативтері ретінде экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қоспағанда, өнім бірлігін өндіруге отын-энергетикалық ресурстардың үлестік шығысы қабылданады:

      1) электр энергиясын өндіру:

      жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіру;

      басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі;

      су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі);

      бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;

      жылу энергиясын беру;

      құрлық және құбыржол көлігінің қызметі;

      құбыр көлігінің қызметі.

      12. Өнім бірлігін өндіруге арналған отын-энергетикалық ресурстардың үлес шығыны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Norm = n/ВП,

      мұнда,

      Norm – өнім бірлігін өндіруге арналған отын-энергетикалық ресурстардың үлестік шығыны;

      n – отын-энергетикалық ресурстардың көлемі (шартты отынның тоннасы);

      ВП – шығарылған өнім саны (тонна/ текше метр).

      Экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік және өндірістік процестердің энергия тұтыну нормативтерін есептеу:

      1) электр энергиясын өндіру:

      жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіру;

      басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі;

      су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі.

      Энергия тұтыну нормативі ретінде жиынтық жүктемеден (станцияның белгіленген қуаты/шығысынан) электр станциясының өз қажеттіліктерінің (ӨҚ) ең жоғары жүктемесі (қуаты/шығысы) қабылданады.

      Электр станциясының өз қажеттіліктерінің максималды жүктемесі екі тәсілдің бірімен есептеледі:

      1) электр энергиясын тұтынуды есепке алу жүйесі болған кезде кезеңдегі сағаттық мәндердің медианасы ретінде;

      2) Жеке қажеттіліктердің жекелеген қабылдағыштарының белгіленген қуатын сұраныс коэффициенттеріне көбейту жолымен формула бойынша:

      Sс.н.max=S1*Кс1 + S2 Кс2+…+Sn Ксn

      мұнда,

      Sс.н.max – жеке қажеттіліктердің жекелеген қабылдағыштарының белгіленген қуатының сұраныс коэффициенттеріне көбейтілген сомасы;

      S1, S2…Sn – электр станциясының өз қажеттіліктерін қабылдағыштар;

      Кс1, Кс2…Ксn... – белгіленген қуатты пайдалануды және олардың бір мезгілде жұмыс істеуін ескеретін өз қажеттіліктерін қабылдағыштардың сұраныс коэффициенті.

      Өз қажеттіліктерін қабылдағыштардың сұраныс коэффициенттері (Кс)

Қабылдағыштың атауы

Сұраныс коэффициенті

ОРУ жарықтандыру:


біреуімен

0,5

бірнеше

0,35

Үй-жайларды жарықтандыру

0,6-0,7

Трансформаторларды салқындату

0,8-0,85

Компрессорлар

0,4

Зарядтау-қайта зарядтау құрылғылары

0,12

Ажыратқыштарды электрмен жылыту және электрмен жылыту

1,0

      Жылу электр станцияларының өз қажеттіліктеріне электр энергиясын тұтыну электр станциясында орнатылған қондырғылардың түріне және бірлік қуатына, сондай-ақ отынның түріне және оны жағу әдісіне байланысты.

      Экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік және өндірістік процестердің энергия тұтыну нормативтерін есептеу:

      1) бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау:

      жылу энергиясын беру

      Энергия тұтыну нормативі ретінде жылу желілері үшін жылу оқшаулағышы арқылы сағаттық жылу шығыны (жылу ағынының тығыздығы) нормативтері қабылданады.

      Жылу желісінің орташа жылдық жұмыс жағдайлары кезінде сағаттық жылу ысыраптарын жылу ысыраптарының нормалары бойынша айқындау формулалар бойынша учаскелердің әрқайсысы үшін берілетін (1) және кері (2) құбырлар бойынша трассаларды төсеудің жерасты және жер үсті тәсілі үшін бөлек жүзеге асырылады:



      мұнда,


- жылу желісінің орташа жылдық жұмыс жағдайындағы жылу шығыны

- жылу дайындау қондырғысынан шығатын жеткізу желісіндегі желілік судың орташа шығыны, килограмына/ секундінің (тонна / сағат)

- қоректендіру суының орташа шығыны, килограмына/ секундінің (тонна / сағат)

- жеткізу құбырының басында және соңында судың орташа температурасы, градус Цельсий

- кері құбырдың басында және соңында судың орташа температурасы, градус Цельсий

      C - желілік судың меншікті жылу сыйымдылығы, 4,19×103 Джоуль/( килограмына × градус Цельсий) немесе 1 килокалорий /( килограмына × градус Цельсий) деп қабылданады.

      Экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік және өндірістік процестердің энергия тұтыну нормативтерін есептеу

      1) құрлық және құбыржол көлігінің қызметі:

      құбыр көлігінің қызметі.

      Энергия тұтыну нормативі ретінде мұнай айдау станциясының өнімділігін ескере отырып, мұнайды тасымалдауға қатысатын негізгі, қосалқы жабдыққа және өз мұқтаждарына электр энергиясының шығысы қабылданады.

      Бір мұнай айдау станциясына негізгі жабдықтың жұмысына тікелей электр энергиясының шығыны мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда,


- мұнай айдау станциясының сорғы агрегаттарының жұмысына тікелей электр энергиясының шығыны, мың киловатт*сағат /жыл;

      Q - мұнай құбырының берілген сағаттық өнімділігі, текше метр /сағат;

      Н1 - магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды айдау қысымының жоғалуы, есептік диаметрі Др, метр;

      Н2 - мұнайды жеткізу құбырлары мен коммуникациялары арқылы мұнайды айдау қысымының жоғалуы, метр;

      К=1,03-өтпелі процестердегі шығындарды қоса алғанда, мұнай құбыры бойынша мұнай ағынын дроссельдеуге қысым шығынын ескеретін қор коэффициенті;

      r – мұнайдың тығыздығы, тонна / текше метр;

      g – ауырлық күшінің үдеуі;

      ƞ н – сорғылардың тиімділігі;

      ƞ э – электр қозғалтқыштарының тиімділігі.

      Қосалқы өндірістің қажеттіліктеріне және мұнай айдау станциясының өз қажеттіліктеріне электр энергиясының шығыны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Wоб = Кз*Nвп*tвп + Кз* Nсн*tсн,

      мұнда,

      Wob – қосалқы өндіріс қажеттіліктеріне және мұнай айдау станциясының өз қажеттіліктеріне электр энергиясын тұтыну;

      Kз – жабдықты жүктеу коэффициенті;

      Nвп, Nсн – бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтың жиынтық қуаты, киловатт;

      tвп, tсн – жабдықтың жұмыс ұзақтығы, сағат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады