Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31222 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 174) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 320 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153 - тармағына және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16 - тармағының 174) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметкерлер мен әскери қызметшілер) сыныптық біліктілігін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау сыныптық біліктілікті беруді, растауды, төмендетуді немесе алып тастауды, қалпына келтіруді қамтиды.

      Бұл ретте сыныптық біліктілікті қалпына келтіру осы Қағидалардың 29-тармағында аталған тұлғаларға қатысты жүргізіледі.

      3. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қызметкерлердің және әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету немесе алып тастау туралы шешімді осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен құрылған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) шығарған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету немесе алып тастау туралы актінің (бұдан әрі – акт) негізінде:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) орталық аппаратының, ТЖМ ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖМ ТЖД) бастықтарына және олардың орынбасарларына, ТЖМ-ның оқу орнының бастығына және оның орынбасарларына, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері командирлеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) және олардың орынбасарларына қатысты - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндеттерін атқарушы;

      2) ТЖМ ТЖД, ТЖМ ТЖД Төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің), ТЖМ ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты - ТЖМ ТЖД бастықтары немесе олардың міндеттерін атқарушылар;

      3) әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне қатысты - әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың міндеттерін атқарушылар;

      4) ТЖМ оқу орнының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты - ТЖМ-ның оқу орнының бастығы немесе оның міндеттерін атқарушы қабылдайды.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 29-тармағында санамаланған адамдардың сыныптық біліктілігін қалпына келтіру осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығымен біліктілік комиссиясының қарауынсыз жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы шешім осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрықтарымен (бұдан әрі - бұйрық) ресімделеді.

      Бұйрықтың көшірмесі лауазымдық айлықақыға үстемеақы есептеу немесе оның мөлшерін өзгерту не үстемеақыны алып тастау үшін тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) қаржы бөлімшесіне жолданады.

      Бұйрыққа қол қойылған күн, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау күні болып есептеледі.

      Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіле отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

      6. Сыныптық біліктіліктері үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілерге "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысына 29-қосымшаға сәйкес үстемеақы белгіленеді.

2-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау тәртібі

1-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру және растау тәртібі

      7. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерін беру осы параграфта көзделген тәртіпте тоқсан сайын жүзеге асырылады.

      8. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге келесі сыныптық біліктіліктер беріледі:

      1) "2-сыныпты маман" - кемінде бір жыл құқық қорғау қызметінде, арнауы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі (бұдан әрі – қызмет өтілі) бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      2) "1-сыныпты маман":

      "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін бергеннен кейін АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      сыныптық біліктіліктері жоқ, дегенімен кемінде үш жыл қызмет өтілі, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      3) "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)":

      "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін бергеннен кейін АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      сыныптық біліктіліктері жоқ, дегенімен кемінде төрт жыл қызмет өтілі және саяси лауазымдарда кемінде бір жыл, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілі және саяси лауазымдарда кемінде бір жыл, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ТЖМ немесе басқа да арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (бұдан әрі – күштік құрылымдар) оқу орнын бітіргеннен кейін АҚО-ның қызметіне кірген қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін қызмет мерзімін есептеу АҚО-ның лауазымына тағайындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

      10. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілік беруге жылына бір рет қана жіберіледі.

      11. Сыныптық біліктілік беруге:

      1) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

      2) оларға қатысты қызметтік тергеп – тексеру (тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде - тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе ақтау негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін;

      3) АҚО-ның (командирдің (бастықтың), Министрдің) қарамағындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілер оларды лауазымға тағайындағанға дейін жол берілмейді.

      12. Сыныптық біліктілікті беру үшін тоқсан сайын, тиісті тоқсанның соңғы айының бесінші күніне дейін АҚО-ның құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдерін (бұдан әрі - Беруге үміткерлердің тізімдері) АҚО-ның кадр қызметтеріне жолдайды.

      Бұл ретте тиісті тоқсанның соңғы айының бесінші күнінен кейін АҚО-ның кадр қызметіне жолданған Беруге үміткерлердің тізімдері қарауға жатпайды.

      АҚО-ның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары Беруге үміткерлердің тізімдерінің ұсынылуының уақытылығын, объективтілігін және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      13. Тиісті тоқсанның соңғы айының оныншы күніне дейін АҚО-ның кадр қызметтері Беруге үміткерлердің тізімдеріне қосылған қызметкерлер мен әскери қызметшілерді осы Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін зерделейді және сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімін қалыптастырады (бұдан әрі – Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі).

      14. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі үш жұмыс күні ішінде біліктілік комиссиясының қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Сыныптық біліктілік берілген қызметкерлерге және әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмеркерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерінің төсбелгілері беріледі.

      17. Қолда бар сыныптық біліктілік:

      1) бала күтімі бойынша демалыста болған, ТЖМ оқу орнында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және АҚО-ның лауазымдарына қайта тағайындалған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге:

      2) басқа күштік құрылымдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен АҚО-ның қызметіне келген және АҚО лауазымдарына тағайындалған тұлғаларға;

      3) соттың шешімі бойынша АҚО-ның қызметіне қалпына келтірілген тұлғаларға;

      4) күш құрылымдардан босатылған және АҚО-ның қызметіне қайта қабылданған тұлғаларға тиісті үстемеақы белгілене отырып, осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрығымен расталады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сыныптық біліктілікті растау үшін тоқсан сайын, тиісті тоқсанның соңғы айының бесінші күніне дейін АҚО-ның кадр қызметтері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілігін растауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімін (бұдан әрі - Растау үшін тізім) жасайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Растау үшін тізім үш жұмыс күні ішінде біліктілік комиссиясының қарауына енгізіледі.

      Осы Қағидалардың 17-тармығының 4) тармақшасында көзделген тұлғаларға жоғары тұрған сыныптық біліктіліктерін беру үшін қызмет өтілін есептеу мерзімі АҚО-ның лауазымдарына тағайындалған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру тәртібі

      26. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін бір сатыға төмендету атқаратын лауазымынан босату (лауазымын бір сатыға төмендету) және (немесе) арнаулы атағын төмендету (әскери атағын бір сатыға төмендету) түрінде тәртіптік жаза қолданылған кезде жүргізіледі.

      27. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің "2-сынып маманы" сыныптық біліктілігі осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда алып тасталады.

      28. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде АҚО-ның кадр қызметтері қызметкерлер мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілігін төмендетуге немесе алып тастауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің және осы Қағидалардың 26-тармақтарында көзделген мән-жайларды анықтайтын материалдарды біліктілік комиссиясының қарауына енгізеді (тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың көшірмелері).

      29. Сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған күннен бастап алты ай өткен соң бұрынғы сыныптық біліктіліктеріне калыпына келтіріледі.

      Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрығына қол қойылған күн сыныптық біліктілікті қалпына келтіру күні болып есептеледі.

      Біліктілік сыныбындағы қызмет мерзімі біліктілік сыныбын төмендету немесе алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.

      Бұрынғы біліктілік сыныбына қалпына келтіру қызметкердің немесе әскери қызметшінің баянаты негізінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссияларын құру тәртібі

      30. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тұлғалардың бұйрықтарымен АҚО-ның қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау үшін жұмыс органы АҚО-ның кадр қызметтері болып табылатын біліктілік комиссиялары құрылады.

      Біліктілік комиссиясының құрамын осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тұлғалар айқындайды.

      Біліктілік комиссиясының құрамына біліктілік комиссиясының төрағасы және біліктілік комиссиясының басқа мүшелері кіреді.

      31. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Біліктілік комиссиясын Төраға басқарады.

      Біліктілік комиссияны төрағасы мен мүшелері болмаған кезде олардың өкілеттіктерін оларды алмастыратын адамдар жүзеге асырады.

      32. Аталған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау үшін біліктілік комиссияларының төрағалары:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып табылады;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында ТЖМ ТЖД бастықтарының орынбасарлары болып табылады;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында әскери бөлімдер командирлерінің орынбасарлары болып табылады;

      4) осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында ТЖМ оқу орны бастығының орынбасары болып табылады.

      33. Біліктілік комиссиясының мүшелері болып кадр қызметтерінің бастықтары, сондай-ақ заң және қаржы қызметтерінің өкілдері тағайындалады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Біліктілік комиссиясының хатшысы АҚО-ның кадр қызметтері қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      35. Біліктілік комиссиясының құрамын өзгерту осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың шешімі бойынша біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бұйрық шығару жолымен жүзеге асырылады.

      36. Біліктілік комиссиясы осы Қағидалардың 15, 19 және 28-тармақтарында көзделген материалдарды енгізген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде алқалы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Егер оған біліктілік комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, шешім қабылданды деп есептеледі.

      37. Біліктілік комиссиясының шешімі қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері көрсетілетін актімен ресімделеді.

      Дауыстар тең болған жағдайда біліктілік комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      38. Актіге біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың қарауына енгізіледі.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
1-қосымша

Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің дене даярлығы бойынша нормативтер

1-тарау. Ер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету немесе алып тастау туралы акт

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (бұдан әрі - ТАӘ) және комиссияның басқа мүшелері (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, ТАӘ, сыныптық біліктілікті беруге, растауға, төмендетуге немесе алып тастауға ұсынылған материалдарды қарап, мынадай шешім шығарады:

Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі

Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі ( азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы))

Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алу, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі)

Комиссия шешімі
(тағайындау, растау, төмендету немесе алып тастау)

1.







2.







      Комиссия төрағасы ___________________________________________________

      Комиссия мүшелері _________________________________________________________

      Комиссия хатшысы ______________________________________________________

      20___ жыл "____" __________

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілік беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдері

Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі

Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі (азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы))

Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі)

Қандай сыныптық біліктілік алуға үміткер

1.







2.







      Азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшесінің бастығы,

      қолы және күні.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі

Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі

Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі (азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы))

Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі)

Қандай сыныптық біліктілік алуға үміткер

Сыныптық біліктілікті беруге жіберу туралы шешім (жіберуге негіз)

1.








2.








      Азаматтық қорғау органдарының кадр қызметінің бастығы,

      қолы және күні

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілікті беру үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосі

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігінің төсбелгілері

"1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)"



"1-сыныпты маман"



"2-сыныпты маман"



  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілігін растауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі)

Сыныптық біліктілікті растау үшін негіздеме (осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген негіздердің біріне сілтеме)

1.





2.





      Азаматтық қорғау органдарының кадр қызметінің бастығы,

      қолы және күні

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
8-қосымша

Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің медициналық жас топтары

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Сыныптық біліктілігін төмендетуге немесе алып тастауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алу, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі)

Сыныптық біліктілікті растау үшін негіздеме (осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздердің біріне сілтеме)

1.





2.





      Азаматтық қорғау органдарының кадр қызметінің бастығы,

      қолы және күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады