"Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру- спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31228 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағида (бұдан әрі – Қағидалар) Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Үздік" номинация атағына үміткер (бұдан әрі - үміткер) спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар және дене шынықтыру-спорттық ұйымдар (бұдан әрі - ДШСҰ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      үміткердің өтініші;

      үміткерге атақ беру ұсынысын негіздей отырып, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясының (болған жағдайда) ұсынысы, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясы болмаған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) тиісті бөлімшелерінің ұсынысы;

      атақ беруге үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      атақ беруге үміткердің өмірбаяны;

      ресми халықаралық және республикалық жарыстардың хаттамасынан үзінді;

      2) осы Қағидалардың 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      Конкурсқа қатысу үшін ДШСҰ өтініші;

      ДШСҰ есептік жылғы спорттық жетістіктері (дене шынықтыру және спорт саласында сапалы және сандық жетістіктері (көрсеткіштері) туралы есебі;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      Конкурсқа қатысу үшін ЖАО өтініші;

      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді есепке ала отырып, ЖАО-ның ұсынысы;

      4) осы Қағидалардың 11-тармағының 6), 8), және 11) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:

      үміткердің өтініші;

      үміткерді атақ беруге ұсыну туралы ЖАО отырысының хаттамасынан үзінді;

      атақ беруге үміткердің өмірбаяны;

      5) осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшаcында көрсетілген номинациялар үшін:

      үміткердің өтініші;

      үміткерге атақ беру ұсынысын негіздей отырып, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясының (болған жағдайда) ұсынысы, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша аккредителген спорт федерациясы болмаған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті бөлімшелерінің ұсынысы;

      атақ беруге үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      атақ беруге үміткердің өмірбаяны.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

      1) "Жылдың үздік спортшысы";

      2) "Жылдың үздік жаттықтырушысы";

      3) "Жылдың үздік аккердителген спорт федерациясы";

      4) "Жылдың үздік спорт ұйымы";

      5) "Үздік спорттық өңір" (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар, астананың дене шынықтыру және спорт басқармалары);

      6) "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорттан нұсқаушы";

      7) "Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі";

      8) "Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы";

      9) "Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман";

      10) "Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы";

      11) "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері";

      12) "Спортта үздік серпін";

      13) " Жас және жасөсіпірімдер құрамындағы спортшы".";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Жылдың үздік спортшысы" атағы олимпиадалық және паралимпиядалық спорт түрлерінен ресми халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен үздік спортшыларға беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы" номинациясындағы атақ халықаралық кешенді және ресми спорттық іс-шаралар нәтижелерінің қорытындылары, сондай-ақ, осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі бойынша аккредиттелген спорттық федерацияға беріледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорттан нұсқаушы" номинациясындағы атақ ЖАО-ның ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосқаны үшін нұсқаушыға беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3, және 20-4-тармақтармен толықтырсын:

      "20-1. "Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы" атағы "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорт разрядының қорытындысы бойынша ресми республикалық және халықаралық жарыстарда жеңімпаз немесе жүлдегер атанған кемінде 10 спортшыны даярлағаны үшін беріледі.

      20-2. "Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері" номинациясындағы атақ әдіскерге мынадай көрсеткіштерді ескере отырып беріледі:

      1) спортты насихаттауға және спортқа айналысуға тартуға бағытталған республикалық баспасөз басылымдарында (газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар қосымшасы) және әлеуметтік желілерде спорттық мақалалар жариялау;

      2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазіргі заманғы білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыруға ықпал ететін республикалық конференцияларға қатысу;

      3) жұмыс тәжірибесіне енгізілген ғылыми әзірлемелерінің болуы.

      20-3. "Спортта үздік серпін" номинациясындағы атақ Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама команда құрамына енгізілген әлем рекордшыларына, халықаралық спорттық жарыстың чемпионадары мен жүлдегерлеріне беріледі.

      20-4. "Жас және жасөсіпірімдер құрамындағы спортшы" номинациясындағы атақ республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге қолжеткізген Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама команда құрамына енгізілген жас және жасөспірім жастағы спортшыларға беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады