Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31287 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 177-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанды киім (погонсыз) үлгілері бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 775 бұйрығына
1-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі

      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғаларға мыналар жатады:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

      2. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы;

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары;

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшылары.

      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары;

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары.

      5. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      6. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылады.

      7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің жетекші мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің жетекші мамандары.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 775 бұйрығына
2-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 177-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық инспекторлары нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар болып табылады.

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім (погонсыз) киеді.

      4. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың нысанды киім киіп жүру құқығы нысанды киім киіп жүру көзделмеген басқа лауазымдарға ауысқан кезде немесе Комитеттен және оның аумақтық органдарынан босатылған кезде жойылады.

      5. Атқаратын лауазымынан босатылған кезде мемлекеттік экологиялық инспектор үш жұмыс күнінен кешіктірмей нысанды киімді тапсырады.

2-тарау. Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары

      6. Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар үшін күнделікті және далалық нысанды киім белгіленген.

      7. Нысанды киім кию:

      1) күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде;

      2) тексерілетін субъектілердің объектілеріндегі жұмыстарға байланысты қызметтік міндеттерді орындау кезінде (далалық) көзделеді.

      8. Нысанды киім (погонсыз) осындай құқық берілген адамдардың киіп жүруіне жатады.

      9. Нысанды киім және азаматтық киім заттарын араластырып киюге жол берілмейді;

      10. Күнделікті күрте, жакет барлық түймелерге түймеленеді.

      11. Жылы күрте, далалық күрте толық түймеге түймеленген күйде киіледі.

      12. Жакет немесе күртемен киілген жейдеге галстук тағылады.

      13. Аяқ киім таза және байланған.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 775 бұйрығына
3-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) үлгілері

1-тарау. Ерлерге арналған нысанды киім (погонсыз)

      1. Ерлерге арналған нысанды киім (погонсыз) (1-сурет):

      1) күнделікті:

      сыдырмалы ұзын жеңді күрте;

      шалбар;

      қысқа жеңді жейде;

      ұзын жеңді жейде;

      галстук;

      2) далалық форма:

      жазғы күрте;

      футболка;

      жазғы далалық шалбар;

      жылы күрте;

      жемпір;

      жартылай комбинезон;

      кеудеше;

      бейсболка;

      қонышы биік жылы бәтеңке;

      қолғап;

      шалбарға арналған белбеу;

      құлақшын.

      1-сурет



      Күнделікті нысан



      Далалық нысан

      Ерлерге арналған нысанды киімнің сипаттамасы:

      1) күнделікті жазғы күрте қара-көк түсті, (кемінде 60% жүн) матадан тігіледі, астарлы, сыдырма ілгекті. Жағасы қайырмалы, жеңі екі тігісті, бір түймеге түймеленетін тігілген манжеттері бар. Бүйір қалталары клапанмен қиылған көлденең орналасқан, және клапанды кеуде қалталары бар. Күртенің төменгі жағында сырылып тігілген белдік, бүйір тігістерінде төрт қатар резеңкемен тартылған. Арқасы екі қаусырмалы иінтірекпен жалғап тігілген. Сол жақ жеңінде Комитетке тиесілігінің жең белгісі шеврон;

      2) қара-көк түсті (кемінде 60% жүн) матадан тігілген ерлер шалбары, екі түймемен түймеленеді, белдік жалғап тігілген белбеуді ұстап тұруға арналған алты ұстағышы бар. Шалбардың алдыңғы жартысы астарлы матамен тігілген, төменгі жағы манжетсіз, төменгі жағының ені 20-24 сантиметр. Сыртқы бүйір қалталары қиғаш қиылған. Оң жақ артқы жартысында клапаны бар тілік қалта бар. Гульфик сыдырмалы ілгекті;

      3) көгілдір түсті аралас матадан тігілген (кемінде 60% мақта) ұзын жеңді, тік пішінді, 6 қарапайым түймеге түймеленетін, жағасы түймеленетін, клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар жейде. Арқасы жалғап тігілген иінтіректе, иінтіректің жалғап тігілген тігісі бойынша екі қаусырмасы бар, жеңі бір тігісті, бір түймеге түймеленетін манжеті бар. Жейденің төменгі жағында сырып тігілген белдік, бүйір тігістерінде төрт қатар резеңкемен тартылған. Қондырмалы жаға, жалғап тігілген тіреуде қайырмалы. Жеңі екі тігісті, қондырмалы, шынтақ тігістері бойынша шлицалар өңделген, жеңінің төменгі жағында түймелерге түймеленетін жалғап тігілген манжеттер бар;

      4) көгілдір түсті аралас матадан тігілген (кемінде 60% мақта) қысқа жеңді, тік пішінді, 6 қарапайым түймеге түймеленетін, жағасы жоғары түймеленетін, клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар жейде. Қондырмалы жаға, жалғап тігілген тіреуде қайырмалы. Арқасы жалғап тігілген иінтіректе, иінтіректің жалғап тігілген тігісі бойынша екі қаусырмасы бар, бір тігісті қондырмалы жеңдері бар.

      5) галстук көк түсті жібек матадан жасалады, моделі сән талаптарына сай келеді;

      6) мойнының V-тәрізді ойығы бар тік пішінді жемпір қара-көк түсті жеңіл трикотаж материалдардан жасалады, жеңі ұзын;

      7) қара-көк түсті матадан тігілген жылы құлақшын қалпақтан, бет күнқағарынан және құлақаспабы бар маңдайшадан тұрады. Күнқағардың, құлақаспаптың және желкеліктің беткі жағы қара - көк түсті трикотаж жаймадан "флис" жасалынады. Қалпақ және беткі бөлшектерінің жылытқыш астары қою көк түсті су өткізбейтін матадан жасалған. Құлақшынның күнқағарының ортасында эмблема орналасады;

      8) қара түсті, былғары белбеу;

      9) синтепоннан тағатын астары бар қара-көк түсті плащтық матадан тігілген, желден қорғайтын жабық клапаны бар ортасында сыдырма ілгегі бар бір қаусырмалы жылы күрте. Күләпараны тағуға арналған планкасы бар тік жаға. Күләпара алмалы-салмалы, жылы, тұтас пішілген күнқағары және сымы мен бекіткіші бар ықтырмасы бар, күләпараның төменгі бөлігі ауыспалы ұштары бар. Сөрелерде сыдырмамен бүйірлік қалталар орналасқан, және жапсырмалы қалталары бар, арқасында тігісі бар. Сол жақ жеңінде білек астынан 10 сантиметр (бұдан әрі – см) төмен Комитетке тиесілігінің жең белгісі тігіледі;

      10) су өткізбейтін қасиеттері бар қара көк түсті плащ матасынан жасалған комбинезон (жылы бекіткіш астары бар), арқасы жоғары және биіктігі бойынша реттелетін бретельдері бар жалғап тігілген кең белдікте; бес кең шлевкамен, белдіктің бүйір бөлігінің кергіші бар. Комбинезон үш түймеге және сыдырмаға түймеленеді, бүйір тігісінде сыдырмаға түймеленеді және фигуралы патта орналасқан таспасы бар;

      11) түсіңкі жазғы далалық күртеше қара-көк түсті су өткізбейтін плащтық матадан тігіледі, сыдырма ілгекті, ұзындығы стандартты, ұзын жеңді. Жағасы қайырмалы, жеңі бір түймеге түймеленетін манжеттермен тігілген. Екі төс және екі бүйір тік қалталары бар. Сол жақ жеңінде білек астынан 10 см төмен Комитетке тиесілігінің жең белгісі тігіледі;

      12) қонышы биік, қара түсті былғары жылы бәтеңке, өкшесінің биіктігі 2 см аспайды;

      13) аралас матадан тігілген көк түсті футболка (кемінде 70% мақта);

      14) жазғы далалық шалбар қара-көк түсті су өткізбейтін аралас матадан тігіледі, белдікке арналған ұстағыштары бар, төменгі жағы манжетсіз. Екі бүйірлік қиғаш және бір артқы тік қалтасы бар;

      15) су өткізбейтін қасиеттері бар, жеңсіз, астары бар, сыдырма ілгегі бар қара-көк түсті плащтық матадан тігілген кеудеше. Екі жапсырма қалтасымен, сыдырма ілгегі бар;

      16) қара-көк түсті бейсболка;

      17) тығыз жүн матадан жасалған бес саусақты қолғап.

2-тарау. Әйелдерге арналған нысанды киім (погонсыз)

      1. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді (2-сурет):

      1) күнделікті:

      ұзын жеңді сыдырма ілгекті жакет;

      белдемше;

      қысқа жеңді жейде;

      ұзын жеңді жейде;

      галстук;

      2) далалық:

      жазғы күрте;

      футболка;

      жазғы далалық шалбар;

      жылы күрте;

      жемпір;

      жартылай комбинезон;

      кеудеше;

      бейсболка;

      қонышы биік жылы бәтеңке;

      қолғап;

      шалбарға арналған белбеу;

      құлақшын.

      2-сурет



      Күнделікті нысан



      Далалық нысан

      Әйелдерге арналған нысанды киімнің сипаттамасы:

      1) күнделікті жазғы жакет қара-көк түсті (кемінде 60% жүн) матадан тігіледі, астарлы, сыдырма ілгекті. Жағасы қайырмалы, жеңі екі тігісті, бір түймеге түймеленетін тігілген манжеттері бар. Бүйір қалталары клапанмен қиылған көлденең орналасқан, және клапанды кеуде қалталары бар. Күртенің төменгі жағында сырылып тігілген белдік, бүйір тігістерінде төрт қатар резеңкемен тартылған. Арқасы екі қаусырмалы иінтірекпен жалғап тігілген. Сол жақ жеңінде Комитетке тиесілігінің жең белгісі шеврон;

      2) қара-көк түсті (кемінде 60% жүн) матадан тігілген тік пішінді астарлы белдемше, бір түймеге түймеленетін сырып тігілген белдік. Артқы жартысы ортасында сол жағында сыдырма ілгегі бар екі ойығы бар шлицамен аяқталады;

      3) көгілдір түсті аралас матадан тігілген (кемінде 60% мақта) ұзын жеңді, тік пішінді, 6 қарапайым түймеге түймеленетін, жағасы түймеленетін, клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар жейде. Арқасы жалғап тігілген иінтіректе, иінтіректің жалғап тігілген тігісі бойынша екі қаусырмасы бар, жеңі бір тігісті, бір түймеге түймеленетін манжеті бар. Жейденің төменгі жағында сырып тігілген белдік, бүйір тігістерінде төрт қатар резеңкемен тартылған. Қондырмалы жаға, жалғап тігілген тіреуде қайырмалы. Жеңі екі тігісті, қондырмалы, шынтақ тігістері бойынша шлицалар өңделген, жеңінің төменгі жағында түймелерге түймеленетін жалғап тігілген манжеттер бар.

      4) көгілдір түсті аралас матадан тігілген (кемінде 60% мақта) қысқа жеңді, тік пішінді, 6 қарапайым түймеге түймеленетін, жағасы жоғары түймеленетін, клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар жейде. Қондырмалы жаға, жалғап тігілген тіреуде қайырмалы. Арқасы жалғап тігілген иінтіректе, иінтіректің жалғап тігілген тігісі бойынша екі қаусырмасы бар, бір тігісті қондырмалы жеңдері бар.

      5) галстук көк түсті жібек матадан жасалады, модель сән талаптарына жауап береді;

      6) мойнының V-тәрізді ойығы бар тік пішінді жемпір қара-көк түсті жеңіл трикотаж материалдардан жасалады, жеңі ұзын;

      7) қара-көк түсті матадан тігілген жылы құлақшын қалпақтан, бет күнқағарынан және құлақаспабы бар маңдайшадан тұрады. Күнқағардың, құлақаспаптың және желкеліктің беткі жағы қара - көк түсті трикотаж жаймадан "флис" жасалынады. Қалпақ және беткі бөлшектерінің жылытқыш астары қою көк түсті су өткізбейтін матадан жасалған. Құлақшынның күнқағарының ортасында эмблема орналасады;

      8) қара түсті, былғары белбеу;

      9) синтепоннан тағатын астары бар қара-көк түсті плащтық матадан тігілген, желден қорғайтын жабық клапаны бар ортасында сыдырма ілгегі бар бір қаусырмалы жылы күрте. Күләпараны тағуға арналған планкасы бар тік жаға. Күләпара алмалы-салмалы, жылы, тұтас пішілген күнқағары және сымы мен бекіткіші бар ықтырмасы бар, күләпараның төменгі бөлігі ауыспалы ұштары бар. Сөрелерде сыдырмамен бүйірлік қалталар орналасқан, және жапсырмалы қалталары бар, арқасында тігісі бар. Сол жақ жеңінде білек астынан 10 см төмен Комитетке тиесілігінің жең белгісі тігіледі;

      10) су өткізбейтін қасиеттері бар қара көк түсті плащ матасынан жасалған комбинезон жылы бекіткіш астары бар, арқасы жоғары және биіктігі бойынша реттелетін бретельдері бар жалғап тігілген кең белдікте; бес кең шлевкамен, белдіктің бүйір бөлігінің кергіші бар. Комбинезон үш түймеге және "сыдырмаға" түймеленеді, бүйір тігісінде сыдырмаға түймеленеді және фигуралы патта орналасқан таспасы бар;

      11) түсіңкі жазғы далалық күртеше қара-көк түсті су өткізбейтін плащтық матадан тігіледі, ұзындығы стандартты, ұзын жеңді, сыдырма ілгекті. Жағасы қайырмалы, жеңі бір түймеге түймеленетін манжеттермен тігілген. Екі төс және екі бүйір тік қалталары бар Сол жақ жеңінде білек астынан 10 см төмен Комитетке тиесілігінің жең белгісі тігіледі;

      12) қонышы биік, қара түсті былғары жылы бәтеңке, өкшесінің биіктігі 2 см аспайды;

      13) аралас матадан тігілген көк түсті футболка (кемінде 70% мақта);

      14) жазғы далалық шалбар қара-көк түсті су өткізбейтін аралас матадан тігіледі, белдікке арналған ұстағыштары бар, төменгі жағы манжетсіз. Екі бүйірлік қиғаш және бір артқы тік қалтасы бар;

      15) су өткізбейтін қасиеттері бар, жеңсіз, астары бар, сыдырма ілгегі бар қара-көк түсті плащтық матадан тігілген кеудеше. Екі жапсырма қалтасымен, сыдырма және ілгегі бар;

      16) қара-көк түсті бейсболка;

      17) тығыз жүн матадан жасалған бес саусақты қолғап.

3-тарау. Бас киімдер



4-тарау. Жеңдегі жапсырмалар және эмблема сипаттамасы

      1. Нысанды киімнің, көлемі 100х83х80 миллиметр (бұдан әрі - мм), жасыл түсті жеңдегі белгісі (шеврон) тоқу тәсілімен жасалады. Ішкі периметрі бойынша алтын түстес жолақпен көмкерілген жасыл түсті қалқан нысанын білдіреді. Шевронның жоғарғы бөлігінде "МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР" деген жазу, төменгі бөлігінде "ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ" деген жазу бар. Жеңдегі белгі (шеврон) сыртқы киімнің сол жақ жеңінің сыртқы жағына 120 мм қашықтықта тігіледі.

      2. Бас киімнің эмблемасы алтын түсті алқагүлмен тысталған (қысқы киім түрі-жылы құлақшын, жазғы киім түрі–бейсболка).



  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 775 бұйрығына
4-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы" және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8079 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 38 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13435 болып тіркелген).

      4. "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы" және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 97 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15023 болып тіркелген) .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады