"Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына және "Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31417 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10291 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы тәртібі";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2 бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағида Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына сәйкес сәйкестендірілген өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілерге қолданылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Нан қалыптарын полимерлі материалдармен жабу кезінде пайда болатын қалдықтар одан әрі кәдеге жарату немесе залалсыздандыру үшін контейнерлерге жиналады.

      Нөсер ағындары кәрізге ағызар алдында тазартылады.";

      2 және 3-параграфтар алып тасталсын;

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Аумаққа кіретін жолда автокөліктің қозғалыс сызбасы ілінеді.

      Барлық қауіпті жерлерге МемСТ 12.4.026-2015 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабыл белгілері. Мақсаты және қолдану ережелері. Жалпы техникалық талаптар мен сипаттамалар. Сынақ әдістері" сәйкес қауіпсіздік белгілері мен ескерту (дабыл) жазулары орнатылады".";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Өндірістік және қойма ғимараттары";

      61-тармақ алып тасталсын;

      177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "177. Барлық қабаттарда жарылу қаупі бар өндіріс, жертөле қабатында өрт шығу қаупі бар үй-жайларда лифттерден шығу жолдары 20 паскаль тұрақты ауа беретін тамбур-шлюздер арқылы көзделеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тиеу-түсіру және қойма жұмыстары";

      220-тармақ алып тасталсын;

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Электр қауіпсіздігі";

      347-тармақ алып тасталсын;

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Өндірістік жабдық және жұмыс орындарын ұстау";

      394-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "394. Өсімдік шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғыларды азаматтық қорғау туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.

      Қауіпті техникалық құрылғылардың мемлекеттік және орыс тілдерінде паспорты мен пайдалану жөніндегі нұсқауы болады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Сүрлемдеме мен бункерлердегі жұмыстар";

      1000-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1000. Ұнды ыдыссыз сақтауға сүрлемдерде, өндірістік сүрлемдерде, қамыр басқыштарда, қамыр ашыту және жартылай дайын өнім бункерлерінде, бункерде қамыр дайындау агрегаттарында, коллекторларда, тоннелдерде, құдықтарда және басқаларында жұмыс жүргізу осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Улы заттарды қолданумен байланысты жұмыстар";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Жөндеу жұмыстары, жабдықты монтаждау және бөлшектеу".

      2. Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өндірістік бақылау туралы ереже мыналарды қамтиды:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері;

      2) қауіпті өндірістік объектілер мен олардың өндірістік бөлімшелерінің саны;

      3) мынадай мәліметтерді қамтитын қауіпті өндірістік объектілердің қысқаша сипаттамасы:

      өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың жай-күйі және техникалық тексерілу туралы;

      қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру туралы;

      қауіпті өндірістік объектіде болған авариялар, инциденттер және жазатайым оқиғалар туралы;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектіде жұмыс істейтін басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      5) бақылау іс-шараларын жүргізудің кезеңділігі, іс-шараларды жоспарлау, іс-шараларды орындау жөніндегі есептілік, тиімділікті бағалау критерийлері және оларды арттыру жөніндегі шаралар, өндірістік бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдерді орындау тәртібі;

      6) өндірістік бақылау қызметінің құрылымы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тексеруді жүзеге асыру алдында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру объектісі, қауіпсіз пайдалану шарттары және өткен тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат жинауды жүргізеді.

      Адамдардың өміріне қауіпті немесе аварияға әкеп соғуы мүмкін жағдайлар анықталған жағдайда өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға басшыға жұмыстарды тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізеді.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Іс-шараларды орындаушылар тек тексерілетін бөлімшенің қызметкерлері ғана емес, өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға болып табылған жағдайда, ұйым бойынша бұйрық шығару ұйымдастырылады, онда әрбір іс-шара бойынша нақты орындаушылар айқындалады. Орындаушылар мен өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға арасындағы жою мерзімдері бойынша келіспеушіліктерді ұйымның бірінші басшысы реттейді.

      18. Өндірістік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлға ай сайын қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысына өндірістік бақылау жүргізу нәтижелерін және берілген нұсқамалардың орындалу мәртебесін ұсынады.";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Өндірістік бақылау қызметінің басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы және өндірістік бақылау нәтижелері туралы деректерді жүйелейді, өзектендіреді және сақтауды қамтамасыз етеді.

      25. Деректерді сақтау нысаны қағаз түрінде де, электрондық түрде де рұқсат етілмеген өзгерістерден, қағаз және электрондық тасығыштарды жоюдан, бүлдіруден кепілді сақтау шартымен белгіленеді. Электрондық дерекқорлар үшін қосымша (резервтік) ақпарат жинақтағыштар құрылады. Сақтау нысанына қарамастан деректер қорына қол жеткізу шектелген. Ұйым басшысына және өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға деректер қорына жалпы қолжетімділік көзделген.

      26. Осы Нұсқаулықтың 17, 18-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде өндірістік бақылау қызметінің басшысы кәсіпорында өндірістік бақылауды ұйымдастыру туралы жыл сайынғы ақпаратты дайындалуын ұйымдастырады және оларды ұйымның басшысы бекітеді, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) ағымдағы жылға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау туралы, сондай-ақ өткен жылға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыру туралы;

      3) бұзушылықтарды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындау туралы;

      4) қауіпті өндірістік объектідегі аварияны оқшаулау және оның салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлік туралы;

      5) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жай-күйі туралы;

      6) қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар, оқыс оқиғалар және жазатайым оқиғалар туралы;

      7) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау туралы қамтылуы тиіс.".

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады