Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 1-1792 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 маусымда № 28534 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 15 маусымдағы
№ 1-1792 қаулысына
қосымша

Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Астана қаласының кейбір мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 06-2036 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 871 болып тіркелген).

      2. "Жергілікті атқарушы орган өсімдік шаруашылығы саласындағы өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамының қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысандары мен мерзімдерін орнату туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 102-837 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 920 болып тіркелген).

      3. "Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 105-2136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 986 болып тіркелген).

      4. "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 115-2299 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 994 болып тіркелген).

      5. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 112-1464 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1057 болып тіркелген).

      6. "Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 105-2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1156 болып тіркелген).

      7. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 508-1900 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 болып тіркелген).

      8. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 112-1464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 508-387 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1215 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады