"Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 01-304 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда № 31319 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы жаңа редакцияда жазылады, қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;

      көрсетілген шешімінің 1-қосымшасында:

      № 52 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 52 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 92 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, А351 көше, № 3)

      Шекарасы: Р. Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылының тақ сандар жағымен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін, Ж. Нәжімеденов көшесінің тақ сандар жағымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш. Қалдаяқов көшесінің тақ сандар жағымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасы бойымен Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының жұп сандар жағымен А. Байтұрсынұлы көшесіндегі № 9 үйді және Р. Қошқарбаев даңғылындағы № 10 үйді қоспағанда, Тәуелсіздік даңғылына дейін.";

      № 60 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 60 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, А-191 көше, № 2)

      Шекарасы: Тәуелсіздік даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесінің жұп сандар жағымен А82 көшеге дейін, А82 көшесінің бойымен Есіл өзенінің жағалауына дейін, Есіл өзенінің жағалауымен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылының жұп сандар жағымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін.";

      № 330 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 330 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 91 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, А. Храпатый көшесі, № 10)

      Шекарасы: Ш. Қалдаяқов көшесі, № 1, 2, 2/1, 2/2, 4, 4/1, 4/2, 6 үйлер, Ә. Тыныбаев көшесі, № 2, 4, 6, 6/1 үйлер, А32 көшесі № 1, 1/1, 3, 5 үйлер.";

      мынадай мазмұндағы № 414 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

      "№ 414 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 91 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, А. Храпатый көшесі, № 10)

      Шекарасы: Ә. Тыныбаев көшесі, № 5, 7 үйлер, А. Храпатый көшесі, № 3, 5, 5/1, 5/2, 7, 7/1, 9, 11, 11/1, 12, 13, 14, 15, 15/1, 17, 17/1, 19, 21, 21/1, 21/2, 23, 25, 25/1, 25/2 үйлер, И. Панфилов көшесі, № 1, 1/2, 3/1, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 үйлер.";

      көрсетілген шешімінің 2-қосымшасында:

      № 66 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 66 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Абай даңғылы, № 47)

      Шекарасы: М. Ғабдуллин көшесінен бастап Абай даңғылының жұп сандар жағымен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін, Ш. Уәлиханов көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесі бойынша № 57/1, 61, 61/1, 63 үйлерді қоспағанда, Ш. Иманбаева көшесіне дейін, Ш. Иманбаева көшесінің жұп сандар жағымен Отырар көшесіне дейін, Отырар көшесінің тақ сандар жағымен М. Ғабдуллин көшесіне дейін, М. Ғабдуллин көшесінің жұп сандар жағымен Абай даңғылына дейін.";

      № 67 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 67 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Абай даңғылы, № 47)

      Шекарасы: Республика даңғылынан С. Сейфуллин көшесінің тақ сандар жағымен С. Торайғыров көшесіне дейін, С. Торайғыров көшесінің тақ сандар жағымен Ж. Омаров көшесіне дейін, Ж. Омаров көшесінің тақ сандар жағымен М. Ғабдуллин көшесіне дейін, М. Ғабдуллин көшесінің тақ сандар жағымен Луи Пастер көшесіне дейін, Луи Пастер көшесінің тақ сандар жағымен С. Торайғыров көшесіне дейін, С. Торайғыров көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінің тақ сандар жағымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп сандар жағымен С. Сейфуллин көшесіне дейін.";

      № 78 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 78 сайлау учаскесі

      (орталығы – Экономикалық-заң колледжі, Ә. Сембинов көшесі, № 23)

      Шекарасы: Ш.Уәлиханов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылының жұп жағымен темір жолға дейін, темір жол бойымен Ә. Сембинов көшесіне дейін, Ә. Сембинов көшесінің тақ жағымен Л. Толстой көшесіне дейін, Л. Толстой көшесінің тақ жағымен Ә. Жангелдин көшесіне дейін, Ә. Жангелдин көшесінің тақ жағымен Ш.Уәлиханов көшесіне дейін, Ш. Уәлиханов көшесінің жұп жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін.";

      № 93 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 93 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "Астана су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Абай даңғылы, № 103)

      Шекарасы: Абай даңғылынан Е.Брусиловский көшесінің жұп жағымен Ә. Сембинов көшесіне дейін, Ә. Сембинов көшесінің жұп жағымен темір жолға дейін, темір жол бойымен А. Жұбанов көшесіне дейін, А. Жұбанов көшесінің тақ жағымен Абай даңғылына дейін, Абай даңғылының тақ жағымен Е. Брусиловский көшесіне дейін.";

      көрсетілген шешімінің 3-қосымшасында:

      № 313 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      " № 313 сайлау учаскесі

      (орталығы – "ASPAN" спорт орталығы, Е 697 көше, № 5 үй)

      Шекарасы: Арнасай көшесінен Қабанбай батыр даңғылымен "Есіл" ауданының шекарасына дейін, "Есіл" ауданының шекарасымен Қарқаралы тас жолына дейін, Қарқаралы тас жолымен Арнасай көшесіне дейін, Арнасай көшесінің тақ сандар жағымен Сарытоғай көшесіне дейін, Сарытоғай көшесімен Беласар көшесіне дейін, Беласар көшесінің тақ сандар жағымен Жаңадария көшесіне дейін, Жаңадария көшесінің тақ сандар жағымен Арнасай көшесіне дейін, Арнасай көшесінің тақ сандар жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін.";

      № 315 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 315 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 95 бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Алматы көшесі, № 4)

      Шекарасы: Қабанбай батыр даңғылынан Алматы көшесінің жұп сандар жағымен Сауран көшесіне дейін, Сауран көшесінің тақ сандар жағымен Керей, Жәнібек хан көшесіне дейін, Керей, Жәнібек хан көшесінің тақ сандар жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының жұп сандар жағымен Алматы көшесіне дейін.";

      № 339 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 339 сайлау учаскесі

      (орталығы – "Қазақстан жазушылар одағы" Астана қалалық филиалы, Балауса көшесі, № 11)

      Шекарасы: Қабанбай батыр даңғылынан Космонавтар көшесінің жұп сандар жағымен Темірқазық көшесіне дейін, Темірқазық көшесінің тақ сандар жағымен Жиембет жырау көшесіне дейін, Жиембет жырау көшесінің жұп сандар жағымен Қалампыр көшесіне дейін, Қалампыр көшесінің жұп сандар жағымен Жауқазын көшесіне дейін, Жауқазын көшесінің тақ сандар жағымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Есіл өзенінің арнасынан Қабанбай батыр даңғылының жұп сандар жағымен Космонавтар көшесіне дейін.";

      № 343 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 343 сайлау учаскесі

      (орталығы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 89 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Сауран көшесі, № 11)

      Шекарасы: Қабанбай батыр даңғылы, № 46, 46а, 46б, 46/1, 48, 48/1, 48а, 48б, 48/5, 48/7, 48/9 үйлер, Сауран көшесі, № 13, 15, 15/3, 15/4 үйлер.";

      № 375 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 375 сайлау учаскесі

      (орталығы – Jekpe-Jek Saraiy, Қабанбай батыр даңғылы, № 43)

      Шекарасы: Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Қабанбай батыр даңғылының тақ сандар жағымен Орынбор көшесіне дейін, Орынбор көшесінің тақ сандар жағымен Тұран даңғылына дейін, Тұран даңғылының жұп сандар жағымен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін, Керей, Жәнібек хандар көшесінің жұп сандар жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астана қаласының

      қалалық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады