Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 12-90 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27734 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2 тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12 баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласының әкімі Г.Касенов


  Қосшы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ 12-90 қаулысына
қосымша

Қосшы қаласында стационарлык емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлык емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1.

Қосшы қаласы, Республика көшесі, №1 / 1А ғимаратына қарама-қарсы

Азық-түлік, азық түлік емес тауарлары

15

5

"Алтын Дала" азық-түлік дүкені

2.

Қосшы қаласы, Республика көшесі, № 80 ғимаратына қарама-қарсы

Азық-түлік, азық түлік емес тауарлары

15

5

"Muslim" азық-түлік дүкені

3.

Қосшы қаласы, Республика көшесі, № 3 ғимаратының оң жағында

Азық-түлік тауарлары (кофехана)

15

5

"Бистро" дәмханасы

4.

Қосшы қаласы, Лесная поляна тұрғын алабы, №13 көппәтерлі тұрғын үйге қарама-қарсы

Азық-түлік тауарлары (кофехана)

15

5

"Piala" дәмханасы

5.

Қосшы қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №54/7 үйдің сол жағында

Азық-түлік, азық түлік емес тауарлары

5

5

"Жансая" азық-түлік дүкені

6.

Қосшы қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, №2 Б / 2 ғимаратына қарама-қарсы

Қоғамдық тамақтану өнімдері (тез дайындалатын тағамдар)

25

5

"Восточка & бар" кафесі

7.

Қосшы қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, №2 Б /3 ғимаратына қарама-қарсы

Қоғамдық тамақтану өнімдері (тез дайындалатын тағамдар)

25

5

"Восточка & бар" кафесі

8.

Қосшы қаласы, Лесная поляна тұрғын алабы, №1 көппәтерлі тұрғын үйге қарама-қарсы

Азық-түлік тауарлары (ет тауарлары)

30

5

"Мясо №1" дүкені

9.

Қосшы қаласы, Лесная поляна тұрғын алабы, №1А ғимараттың оң жағында

Азық-түлік тауарлары (шығыс тәттілері)

30

5

"Мега" шағын маркеті

10.

Қосшы қаласы, Лесная поляна тұрғын алабы, №19 көппәтерлі тұрғын үйдің оң жағында

Азық-түлік тауарлары (кондитерлік өнімдер)

30

5

"Бақыт" азық-түлік дүкені

11.

Қосшы қаласы, Лесная поляна тұрғын алабы, №17 көппәтерлі тұрғын үйдің сол жағында

Азық-түлік тауарлары (кондитерлік өнімдер)

30

5

"Бақыт" азық-түлік дүкені

12.

Қосшы қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 үйдің оң жағында

Қоғамдық тамақтану өнімдері (тез дайындалатын тағамдар)

50

5

"33 тағам" кафесі

13.

Қосшы қаласы, Республика көшесі, №62 ғимараттың оң жағында

Қоғамдық тамақтану өнімдері (тез дайындалатын тағамдар)

50

5

"33 тағам" кафесі

14.

Қосшы қаласы, Республика көшесі, №1/1 В ғимаратқа қарама-қарсы

Қоғамдық тамақтану өнімдері (тез дайындалатын тағамдар)

50

5

"33 тағам" кафесі

15.

Қосшы қаласы, Алтындала тұрғын алабы, №4 көппәтерлі тұрғын үйдің оң жағында

Азық-түлік тауарлары (көкөністер, жемістер)

25

5

"Алтын Дала" азық-түлік дүкені

16.

Қосшы қаласы, Алтындала тұрғын алабы, №1 көппәтерлі тұрғын үйдің оң жағында

Азық-түлік тауарлары (көкөністер, жемістер)

25

5

"Алтын Дала" азық-түлік дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады