Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № А-10/470 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қазанда № 30075 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі.

      2. "Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ А-10/470 қаулысына
1-қосымша

Басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге

1

Күнбағыс

19750

2

Майлы зығыр

18000

3

Жаздық

6500

4

Мақсары

15000

  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ А-10/470 қаулысына
2-қосымша

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге

1

Республикалық бюджет

700 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады