Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 16 мамырдағы № С-17/13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28156 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.11.2023 № С-8/8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8287 тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Р.Калишев


  Көкшетау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ С-17/13 шешіміне
қосымша
  Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ С-49/7 шешімімен
бекітілді

Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көкшетау қаласының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмiрде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Көкшетау қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      6) өмiрдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган – "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелiк комиссия – ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен әлеуметтік көиек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жіргізу және қорытындылар дайындау үшін құрылатын комиссия;

      9) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға бір рет көрсетіледі:

      1) Халықаралық әйелдер күніне - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай - ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      2) Жеңiс күнiне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне: Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне; "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      3) Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге;

      4) Қазақстан Республикасы Конституциясының күнi - 30 тамыз:

      барлық топтағы мүгедектерге және мүгедек-балаларға;

      ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге.

      7. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қолдаудағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж санаттардың бірі бойынша төленеді:

      1) кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), өтініші бойынша бір рет отбасының бір мүшесіне:

      күндізгі бөлімде оқитын колледж студенттеріне төлеміне оқу құнының мөлшерінде;

      жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын және өтініш берген кезде соңғы 12 ай ішінде Ақмола облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен студенттерге білім алу құны мөлшерінде;

      кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) тұлғаларға (отбасыларға) кірісті есепке алмай бір рет:

      әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) арнайы ем немесе симптом терапия алатындарға медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, аурудың бір түрі бойынша 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      босату туралы анықтаманы ұсыну арқылы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер бойыншаҰлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен кететін станциядан госпитальдау орнына дейін және қайта келуін, растайтын құжаттар негізінде жол жүру құнының мөлшерінде;

      табиғи зілзала, өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кезден бастап 3 айдын ішінде, табиғи зілзала, өрт фактісін растайтын құжаттың негізінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы күші қолданылатын басқа да адамдарға санаторий-курорттық емделуге жолдама құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу, бірақ 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес.

      3) әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың табысы есепке алынбай мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      амбулаторлық емделуде жатқан туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға- медициналық мекеменің анықтамасы негізінде 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауру жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай тағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде медициналық мекеменің анықтамасы негізінде төленеді;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық төлемдер шығындарына 100 % мөлшерінде.

      Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне елеулі зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiленген бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      8. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органы келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Көкшетау қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне ай сайын жүзеге асырылады.

      12. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Көкшетау қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады