Ақмола облысы Жақсы ауданы Подгорное ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30704 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Подгорное ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      Советская көшесін Кенесары көшесіне;

      Комсомольская көшесін Абай көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Подгорное ауылының әкімі Г.Мажитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады