Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округі Темірбек Жүргенов ауылында атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 108 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Темірбек Жүргенов ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округінің Темірбек Жүргенов ауылындағы атауы жоқ көшесіне Қайрат Рысқұлбеков атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темірбек Жүргенов
ауылдық округінің әкімі
С. Тампишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады