Алға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 212 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29359 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 89 "Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8068 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі Н. Ержанов

  Алға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 212 Қаулысына қосымша

Алға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Алға қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 15 "А" үйдің сол жағында

18

"Нұрасхан" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

2

Ақай ауылы, А.Молдағұлова көшесі № 93 А үйдің сол жағы

100

"Ыстық нан" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

3

Бестамақ ауылы, Бөкенбай батыр көшесі, № 48 үйдің сол жағында

6

"Береке" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

4

Есет батыр Көкіұлы ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, № 27 үйдің оң жағында

12

"Береке" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

5

Самбай ауылы, Ақсарай көшесі,
№ 2 "Б" үйге қарама-қарсы

100

жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

6

Қарабұлақ ауылы, А.Молдагулова көшесі, № 59 үйге қарама-қарсы

18

"Бек-Арыс" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

7

Қарақұдық ауылы, Федорченко көшесі, № 33 А үйдің сол жағында

150

жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

8

Қарақобда ауылы, Ағниязов көшесі,
№ 28 үйге қарама-қарсы

150

жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

9

Маржанбұлақ ауылы, А.Құнанбаев көшесі, № 19 У үйдің оң жағында

30

"Алатау-2" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

10

Сарықобда ауылы, Жастар көшесі, № 21 үйдің оң жағында

18

жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

11

Тамды ауылы, А.Молдагулова көшесі, № 29 үйдің оң жағында

18

жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

12

Қайнар ауылы, Ж.Ізбасқанов көшесі, № 7 үйдің оң жағында

9

"Береке" дүкені

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

13

Үшқұдық ауылы, Мерей көшесі, № 21 үйдің оң жағында

120

жоқ

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады