Қобда ауданы Ақрап ауылдық округінің Ақрап ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қазанда № 30345 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақрап ауылдық округінің Ақрап ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақрап ауылдық округі Ақрап ауылының келесі көшелері:

      Ынтымақ көшесін Жайық көшесіне;

      Ш. Уәлиханов көшесін Ұлытау көшесіне;

      М. Өтемісұлы көшесін Медеу көшесіне;

      А. Құнанбаев көшесін Хан тәңірі көшесіне;

      Тәуелсіздік көшесін Хан ордасы көшесіне;

      Сергей Королев көшесін Құрманғазы көшесіне қайта аталсын.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақырап ауылдық округнің әкімі Б. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады