Қандыағаш қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 91 қаулысы және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 180 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27785 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31- баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 - бабына, Қандыағаш қаласы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық маслихаты ШЕШТІ:

      1. Қандыағаш қаласының келесідей атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:

      атау жоқ көшеге - Абай көшесі;

      атау жоқ көшеге - Бауыржан Момышұлы көшесі;

      атау жоқ көшеге - Астана көшесі;

      атау жоқ көшеге - Алматы көшесі;

      атау жоқ көшеге - Ұлытау көшесі;

      атау жоқ көшеге - Ақорда көшесі;

      атау жоқ көшеге - Әлия Молдағұлова көшесі;

      атау жоқ көшеге - Мәншүк Мәметова көшесі;

      атау жоқ көшеге - Көтібар Бәсенұлы көшесі.

      2. Қандыағаш қаласының келесідей құрамдас бөліктері:

      Актюбинская көшесі – Ақтөбе көшесіне;

      Западный городок көшесі - Теректі көшесіне;

      Школьный тұйық көшесі - Жем тұйық көшесіне;

      Строительная көшесі - Құрылысшылар көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі А. Шериязданов
      Мұғалжар аудандық
мәслихатының хатшысы
Р. Мусенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады