Темір ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 149 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29266 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Темір ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 "Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5658 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Темір ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 51 "Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8145 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

  Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 149 қаулысына қосымша

Темір ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Орналасқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Шұбарқұдық ауылы Ж. Кереев көшесі, "Айдана" дүкенінің оң жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

48

5

"Айдана" дүкені

2

Шұбарқұдық ауылы Желтоқсан көшесі № 6 А, "Жаннұр" дүкенінің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

48

5

"Жаннұр" дүкені

3

Шұбарқұдық ауылы Н. Байғанин көшесі № 27, "АMANAT" партиясының Ақтөбе облысы, Темір аумақтық филиалы ғимаратының сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

20

5

жоқ

4

Шұбарқұдық ауылы Н. Байғанин көшесі № 12/ 4, "Нысан" дүкенінің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

20

5

"Нысан" дүкені

5

Шұбарқұдық ауылы Қызылжар мөлтек ауданындағы саябақ ішіндегі, ойын алаңының оң жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

48

5

жоқ

6

Шұбарқұдық ауылы Н. Байғанин көшесі № 3, "Ернұр" дүкенінің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Ернұр" дүкені

7

Шұбарқұдық ауылы Асау-барақ көшесі № 21 А, көп қабатты тұрғын үйге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

96

5

жоқ

8

Шұбарқұдық ауылы Н. Байғанин көшесі № 15 Б, "Зере" дүкеннің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Зере" дүкені

9

Шұбарқұдық ауылы Асау-Барақ көшесі № 9 Б, "Жансая" дүкеннің алды

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Жансая" дүкені

10

Шұбарқұдық ауылы Асау-Барақ көшесі № 3, "Інжу" дүкеннің алды

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Інжу" дүкені

11

Шұбарқұдық ауылы Н. Байғанин көшесі 15 А, "Қарлығаш" дүкенінің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Қарлығаш" дүкені

12

Шұбарқұдық ауылы Н. Байғанин көшесі, "Бақжан" дүкенінің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Бақжан" дүкені

13

Темір қаласы Сәңкібай көшесі, № 24 үйге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

20

5

жоқ

14

Саркөл ауылы Геолог көшесі № 24, "Тілеу" мейрамханасының оң жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

"Тілеу" мейрамханасы

15

Жақсымай ауылы Темір көшесі № 24 үйге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

жоқ

16

Кеңесту ауылы Саябақ көшесі, № 42/1 үйдің алды

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

жоқ

17

Ақсай ауылы Төсбұлақ көшесі № 4, "Н. Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны "Ақсай ауылдық мәдениет үйі" ғимаратының сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

жоқ

18

Кеңқияқ ауылы Қазақ мұнайына 100 жыл көшесі, корпус № 8 көп қабатты тұрғын үйге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

24

5

жоқ

19

Кеңқияқ ауылы Қазақ мұнайына 100 жыл көшесі, корпус № 11 көп қабатты тұрғын үйге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

15

5

жоқ

20

Кеңқияқ ауылы Қазақ мұнайына 100 жыл көшесі, "Асылжан" дүкенінің сол жағында

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

25

5

жоқ

21

Кеңқияқ ауылы Құрманғазы көшесі, № 11 үйге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50

5

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады