Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28211 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 166 "Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7579 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 қаулысына қосымша

Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Қызмет саласы

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері)

1

Ойыл ауылдық округі, Ойыл ауылы, Құрманов Исламғали көшесі, № 31, 33, 35, 39 үйлерге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

150,0

3

жоқ

2

Көптоғай ауылдық округі, Көптоғай ауылы, Қазақстан көшесі № 23 үйдің сол жағы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жоқ

3

Саралжын ауылдық округі, Саралжын ауылы, Ботагөз-2 көшесі, № 5, 7 үйлерге қарама- қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жоқ

4

Сарбие ауылдық округі, Сарбие ауылы, Әйтеке би көшесі, № 23 ғимаратқа қарама- қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жеке кәсіпкер "Камиева З" дүкені

5

Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі, Қаратал ауылы Ж. Жүсібәлиев көшесі, жеке кәсіпкер "Нұрәли" ғимаратына қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жоқ

6

Қайыңды ауылдық округі, Ақжар ауылы, Кеңес көшесі, № 17, 19 үйлерге қарама-қарсы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жеке кәсіпкер "Татебаева М" дүкені

7

Қараой ауылдық округі, Қараой ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 19 ғимараттың сол жағы

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жеке кәсіпкер "Сенгалиева З" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады