Шалқар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 маусымда № 28518 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Шалқар ауданы әкімдігінің "Шалқар ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5472 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шалқар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 206 қаулысына қосымша

Шалқар ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 09.01.2024 № 02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алып жатқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері)

1

Айшуақ ауылдық округі, Бегімбет ауылы, Қарағұл батыр көшесі №14 үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

54,0

3

"Даража" азық - түлік дүкені

2

Ақтоғай ауылдық округі, Қотыртас ауылы, Бейбітшілік көшесі № 4 А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

"Атлас" азық - түлік дүкені

3

Бозой ауылдық округі, Бозой ауылы, Әйтеке би көшесі №4 үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

22,5

3

"Қыздар-ай" азық -түлік дүкені

4

Бершүгір ауылдық округі, Бершүгір ауылы, Алексей Петрович Тихонов атындағы көшесі №6 А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

"Олжа" азық - түлік дүкені

5

Есет Көтібарұлы ауылдық округі, Байқадам ауылы Есет Көтібарұлы көшесі №8 А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

52,0

3

жоқ

6

Жаңақоныс ауылдық округі, Аққайтым ауылы, Достық көшесі №2 Б үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жоқ

7

Кішіқұм ауылдық округі, Шілікті ауылы, Сартепсең көшесі №4 А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

30,0

3

жоқ

8

Қауылжыр ауылдық округі, Қауылжыр ауылы, Абай көшесі № 5А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

"Ақмарал" шаруашылық дүкені

9

Мөңке би ауылдық округі, Мөңке би ауылы, Ардагерлер көшесі №13 А/1 үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

"Жансен" және "Мөлдір" азық-түлік дүкендері

10

Тоғыз ауылдық округі, Тоғыз ауылы, Толағай көшесі 4 А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

30,0

3

жоқ

11

Шалқар ауылдық округі, Жылтыр ауылы, Самал көшесі 11 А үйдің сол жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

"Қыстаубаева" азық-түлік дүкені

12

Шетырғыз ауылдық округі, Қаратоғай ауылы, Т.Бәсенов көшесі №1 А үйге қарама қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

50,0

3

жоқ

13

Шалқар қаласы Г.Резванов көшесі №3/2 "Шафран" кафесінің оң жағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

100,0

3

Қоғамдық тамақтану "Шафран" кафесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады