Қапшағай қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 59 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 16 ақпанда № 26816 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қапшағай қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Б.Е. Балғабаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қапшағай қаласының әкімі Н. Куматаев

  Қапшағай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 59 қаулысына қосымша

Қапшағай қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары:

Сауда орындарының орналасу орындары

Алатын алаңы (шаршы метр м²)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Алматы облысы, Қапшағай қаласы Жамбыл көшесі № 7 "Айша Сити" нарығына қарама қарсы автотұрақ

400

2

ауыл шаруашылық өнімдері

"Сауле" Асханасы, "Кармэн" кафесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады