Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы "Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 2052 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30152 болып тіркелді

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы "Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 368 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      қаулымен айқындалған Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшеріндегі:

      орыс тілінде 8-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Ақшалай сыйақының мөлшері".

      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шымкент қаласының полиция

      департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады