Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-7-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 31204 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-10-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 15-10-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 39-5-VI "Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтерді бекіту туралы" шешімі күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха
аудандық мәслихатының
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 25-7-VII шешіміне қосымша

Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

403,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

456,00

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2763,43


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады