Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 21-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27548 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 12-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Жуалы аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Жуалы аудандық мәслихатының "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық мәслихат
      хатшысы Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 21-6 шешімімен бекітілген
шешіміне қосымша
  Жуалы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 6 маусымдағы
№31-4 шешімімен бекітілген

Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" №504 қаулысына, Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - "Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментi" Республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган - "Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына бір рет ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күні:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, ақшалай төлем көлемі – 1000 000 (бір миллион) теңге;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне, ақшалай төлем көлемі – 1000 000 (бір миллион) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, ақшалай төлем көлемі – 50 000 (елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), ақшалай төлем көлемі – 50 000 (елу мың) теңге;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге, ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болған Ауған соғысы ардагерінің жесіріне ақшалай төлем көлемі – 50 000 (елу мың) теңге;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға, ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, ақшалай төлем көлемі – 15 000 (он бес мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына, ақшалай төлем көлемі – 15 000 (он бес мың) теңге;

      Семей ядролық сынақ полигонында әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965) радиоактивты заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Семей ядролық сынақ полигонында 1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта жер асты ядролық жарылыстар жасаған кезеңде осы аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Семей ядролық сынақ полигоны аумағында 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік – экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

      2) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

      7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің жиырма еселенген мөлшерінен көп емес:

      әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі;

      2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісімен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің төрт еселенген мөлшерінде;

      3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылып, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      4) туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      5) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жуалы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады