Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 қарашадағы № 33-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қарашада № 30532 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 14-4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 50 000 (елу мың) теңге мөлшерде мынадай негіздер бойынша:

      жетімдік;

      ата-ана қамқорлығының болмауы;

      кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      пробация қызметінің есебінде болу;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен он еседен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) табиғи зілзала немесе өрт болған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) өмірлік қиын жағдайға, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауруларға шалдыққан азаматтарға (отбасыларға):

      туберкулез ауруымен амбулаториялық жағдайда ем жалғастыру мерзіміне ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруымен есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, ай сайын екі еселенген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      қатерлі ісік аурулары бар науқастарға стационар жағдайында арнайы емделуден өткені туралы берілген дәрігерлік қорытынды негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына сәйкес еңбек ардагерлері санатына жататын азаматтарға отбасының жиынтық табысын есепке алмай, санаторлық-курорттық картаның негізінде бір рет санаторлық-курорттық емделу шығындарын өтеу үшін 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген деңгейінен асатын жасына байланысты зейнеткерлерге санаторлық-курорттық картаның негізінде бір рет санаторлық-курорттық емделу шығындарын өтеу үшін 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген деңгейінен аспайтын жасы бойынша зейнеткерлерге санаторлық-курорттық картаның негізінде бір рет санаторлық-курорттық емделу шығындарын өтеу үшін 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген деңгейінен аспайтын жасы бойынша зейнеткерлерге санаторлық-курорттық картаның негізінде бір рет санаторлық-курорттық емделу шығындарын өтеу үшін 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) жан басына шаққандағы орташа табысы бір айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын әр балаға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) мынадай санаттар бойынша:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; қандастар;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      5) тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек:

      жан басына шаққандағы табысы 1,5 (бір жарым) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмектің көлемі 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы А. Сейналиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады