Қарағанды облысы әкімдігінің "2022 жылға тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту және Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын туралы" 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 26/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/03 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29228 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің "2022 жылға тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту және Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын туралы" 2022 жылғы 26 сәуірдегі №26/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28126 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 2 172 598 000 (екі миллиард жүз жетпіс екі миллион бес жүз тоқсан сегіз мың) теңге сомасында бекітілсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады