Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 36/2 "Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 61/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29333 болып тіркелді

      Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4942 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы";

      қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Теміртау қаласындағы инватакси қызметтерін алушылардың санаттарын және инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін қызметтерді алушылардың келесі санаттарымен және объектілер, межелі орындар тізбесімен кеңейту:

      1) Инватакси қызметін алушылардың санаттары:

      қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар;

      жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар;

      психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар;

      аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар.

      2) Объектілер мен межелі орындардың тізбесі:

      "Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);

      Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;

      Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі К. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады