Осакаровка кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 01 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26952 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Осакаровка кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің көшелері:

      Победа көшесін Жеңіс көшесіне;

      Спортивная көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;

      Интернациональная көшесін Сарыарқа көшесіне;

      Первомайская көшесін Алаш көшесіне;

      Пионерская көшесін Жамбыл көшесіне;

      Театральная көшесін Шәкәрім көшесіне;

      Шахматная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      Садовая көшесін Бақшалы көшесіне;

      Урожайный тұйық көшесін Астық тұйық көшесіне;

      Целинная "А" көшесін Николай Воронин көшесіне;

      Колхозная көшесін Геннадий Карапиди көшесіне;

      Кузнечная көшесін Беслан Аушев көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Осакаровка кенті әкімінің орынбасары Б.О. Жетписбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаровка кентінің әкімі С. Акижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады