Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/196 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда № 31568 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму үшін халыққа тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9/68 "Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4127 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының хатшысы С. Социал

  Шет аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 22
желтоқсандағы
№ 19/196
шешіміне қосымша

Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы Құны

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 түрғын айына

245,0

Жайлы емес үйлер

319,07

Жылдық тариф бір бірлігіне (көлеміне)

1 м3

1 709,29


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады