Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 564 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 маусымда № 28384 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы 31 мамырдағы
№ 564 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Көрсеткіш

Барлық қажеттілік, мың теңге

Бірегей тұқымдар, мың теңге

Элиталық тұқымдар, мың теңге

Бірінші көбейтілген тұқымдар, мың теңге

Бірінші ұрпақ будандары, мың
теңге

Элиталық көшеттер,
(жеміс, жидек, жүзім) мың теңге

Жергілікті бюджет

152 807

2 061

41 632

92 234

10 000

6 880

Барлығы

152 807

2 061

41 632

92 234

10 000

6 880


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады