"Қазалы ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 318 қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 195 қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 331 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда № 31334 болып тіркелді

      Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 318 және Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 358 "Қазалы ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округінің Жанқожа батыр ауылының шекараларының (шегінің) жалпы алаңы 5775 гектар, Өркендеу ауылдық округінің Жанкент ауылының жалпы алаңы 5098 гектар, Құмжиек ауылдық округінің Қашақбай Пірімов ауылының жалпы алаңы 9576 гектар, Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылының жалпы алаңы 29920 гектар, Қарашеңгел ауылдық округінің Жалаңтөс батыр ауылының жалпы алаңы 3230 гектар болып өзгертілсін.";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М. Уразбаев
      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы Б. Жарылқап

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 195
мен Қазалы аудандық мәслихатының
2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 331
бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша
  Қазалы ауданы әкімдігінің бірлескен
2015 жылғы "27" қарашадағы
№ 318 қаулысына
және Қазалы аудандық мәслихатының
2015 жылғы "27" қарашадағы
№ 358 шешіміне қосымша

Қазалы ауданының елді мекендерінің жерлерінің экспликациясы

Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

оның ішінде(гектар):


ауыл шаруашылығы алқаптары

орман көмкерген

басқа да жерлер

егістік

көп жылдық екпелер

тыңайған жер

жайылымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Арықбалық ауылдық округінің Жанқожа батыр ауылы

5775

390

-

373

4171

-

841

2

Өркендеу ауылдық округінің Жанкент ауылы

5098

2

-

47

2933

-

2116

3

Құмжиек ауылдық округінің Қашақбай Пірімов ауылы

9576

27

-

81

6909

-

2559

4

Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылы

29920

36

-

234

23642

-

6008

5

Қарашеңгел ауылдық округінің Жалаңтөс батыр ауылы

3230

168

-

97

2659

-

306


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады