Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 1459 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26547 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 1 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жосалы кентінің келесі бөліктері:

      1) М. Әуезов тұйығын Қабибулла Асанов көшесіне;

      2) Овражная көшесін Абдулла Сырғабаев көшесіне;

      3) Е. Қойшыбаев № 4 көшесін Әбдуали Спанов көшесіне;

      4) Наурыз № 2 көшесін Айтмағамбет Ойнарбаев көшесіне;

      5) М. Құдабаев № 2 көшесін Сәбит Жаңабаев көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жосалы кентінің әкімі Ш. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады