Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28679 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1."Сайлау учаскелерін құру туралы" Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасында:

      № 93 сайлау учаскесі келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 93 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шұғыла" шағын ауданы, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 21А, 21Б, 23А, 23Б, 24А, 25, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 үйлер.".

      орыс тілінде № 107 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі А. Косуаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады