Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 98-қ "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 236-қ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29701 болып тіркелді

      Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 98-қ "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнайлы ауданы аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Кумискалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық аумақтық

      Сайлау комиссиясы

  2022 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 236-қ қаулысына қосымша
  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 27 мамырдағы
  № 98-қ қаулысына
  2-қосымша

Мұнайлы ауданы аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Маңғыстау ауылы

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының "Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимаратының жанында, 2 өндірістік аймақ, 11/6. 2. Қоғамдық ұйымдар үйінің жанында, 18-орам, 5. 3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Бесшоқы тұрғын үй массиві, 448/1. 4. "Тұлпар" газ құю бекетінің жанында, 24-орам, 3. 5. "Нұрсәт" азық-түлік дүкенінің жанында, Айрақты тұрғын үй массиві, 317/1. 6. "Қанат" газ құю бекетінің жанында, Бесшоқы тұрғын үй массиві, 1252/1.
7. "Мұнайлы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Жастар" алаңында, 17-орам, 28/1

Қызылтөбе ауылдық округі Қызылтөбе-2 ауылы

1. "Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының пошталық байланысының ауылдық бөлімшесінің жанында, 14-орам, 30/10а. 2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында, 24-орам, 10/5. 3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Желтоқсан көшесі, 30 ғимарат
4. Құбыла көшесіндегі № 55 үйдің жанында. 5. "Өркен" азық-түлік дүкенінің жанында, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві, 1559/1

Баянды ауылы

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Баянды-3 тұрғын үй массиві, 555. 2. Нұрлаев көшесіндегі № 40 үйдің жанында

Басқұдық ауылдық округі Басқұдық ауылы

1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанында, Жазира көшесі, 3/4. 2. "Басқұдық" сауда орталығы ғимаратының жанында, Сұңқар көшесі, 9. 3. "Ақ сарай" мейрамханасының жанында, Самал тұрғый үй массиві, Жасдаурен көшесі, 4/1

Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылы

1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жанында, Қаламкас тұрғын үй массиві, 795. 2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Жалын тұрғын үй массиві, 495/6. 3. "Ару" мейрамханасының жанында, Туған ел тұрғын үй массиві, Совхаз көшесі, 120

Дәулет ауылдық округі
Жаңа Дәулет ауылы

1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Жаңа Дәулет тұрғын үй массиві, 125/3. 2. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында, 20-орам, 2/4. 3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, 17-орам, 89/7

Батыр ауылдық округі Батыр ауылы

1. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында, Емір шағын ауданы, 6 көше, 45. 2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Емір шағын ауданы, 6 көше, 44Б


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады