Мұнайлы ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 1-ш "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 10-ш шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29702 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3777 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Е. Кумискалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

       Мұнайлы аудандық

       сайлау комиссиясы

  2022 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 10-ш шешіміне қосымша
  Мұнайлы ауданы әкімінің
  2019 жылғы 15 қаңтардағы
  № 1-шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

      №193 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Есмамбет көшесі 33А, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, Есмамбет көшесі, №1-86 үйлер, А.Оңғарбекұлы көшесі, №1-20 үйлер.

      №194 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, №22 орам, №1-27 үйлер.

      №195 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Есмамбет көшесі 33А, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, №1-12 орамның барлық тұрғын үйлері, Ақ Еспе тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №196 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын үй массиві, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, Бозжыра тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Шерқала тұрғын үй массиві, № 1-200 үйлер.

      №197 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массиві, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массиві, №1-700 үйлер.

      №198 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Баянды ауылы, Баянды-3 тұрғын үй массиві, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Баянды ауылы, Баянды-1, Баянды-2 тұрғын үй массивінің, Үлкен Емір, Кіші Емір, Құйылыс елді мекендерінің, №16 темір жол бекетінің барлық тұрғын үйлері.

      №199 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Қаламқас тұрғын үй массиві, 800, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Туған ел тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №200 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Жалын тұрғын үй массиві, 495/6, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Арман тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Арай тұрғын үй массиві, Бейбітшілік, Райхан, Рауан, Ақиқат, Ықылас көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №201 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Жалын тұрғын үй массиві, 495/12, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы қазақ ұлттық мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Қаламқас тұрғын үй массиві, №3-9 көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №202 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Қаламқас тұрғын үй массиві, 800, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Көктем тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Болашақ тұрғын үй массиві, Жадыра, Ақжелкен, Темірқазық, Өркен, Самал, Шапағат көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №203 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№9 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Басқұдық ауылы, Маржан тұрғын үй массиві, Рауан, Жазира, Жетісу, Нұрсәт, Шұғыла, Шаттық, Өркен, Бәйтерек, Бейбітшілік, Сұңқар, Жігер, Еңбекші, Арай көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №204 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 өнеркәсіптік аймағы, 42, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№14 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Басқұдық ауылы, Басқұдық тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Болашақ тұрғын үй массиві, Жеңіс, Тамшалы, Шағала, Атамекен, Наурыз, Таңшолпан, Самал, Достық көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №205 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық ауылы, Жаңа Қоныс тұрғын үй алабы, Маната көшесі, құрылыс 271.

      Шекарасы: Басқұдық ауылы, Жаңа қоныс тұрғын үй массиві, Жадыра, Шапағат, Мирас, Маусым, Темірқазық, Саура, Гүлмайса, Балауса, Арман, Қызғалдақ, Думан, Алау, Отпан, Жаңа құрылыс, Інжу көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №206 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық ауылы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Басқұдық ауылы, Рахат тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №207 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтобе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Бірлік елді мекенінің барлық тұрғын үйлері, Ынтымақ елді мекенінің барлық тұрғын үйлері, Жаңалық, Маусым, Желтоқсан, Уалиханов, Абай көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №208 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Әуезов, Мәметова, Молдағұлова, Сағыныш, Иманов көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №209 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Атамекен, Жамбыл, Арай, Наурыз, Мереке, Болашақ, Достық, Түркістан көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №210 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Құбыла, Балауса, Мыңбаев, Есір, Нұрым, Шабай, Алшын, Қосымбаев, Мәтжан, Құлбарақ көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №211 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві, №1-885 үйлер.

      №212 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Дәулет ауылы, № 6; 7; 8; 9; 10; 17; 18; 19; 20 орамның барлық тұрғын үйлері, Жаңа Дәулет тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №213 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы, 24 орам, 55/1, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Дәулет ауылы, №1-107 үйлер; Мұнайбазасы жерінің барлық тұрғын үйлері, №1-16 орамның барлық тұрғын үйлері.

      №214 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылы, Емір шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Шерқала шағын ауданының барлық тұрғын үйлері.

      №215 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын үй массиві, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын үй массиві, №201-883 үйлер.

      №216 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Жалын тұрғын үй массиві, 495/6, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Атамекен тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №217 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Жалын тұрғын үй массиві, 495/6, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Жалын тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Арай тұрғын үй массиві, Қызғалдақ, Гүлмайса, Достық көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №218 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№9 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Басқұдық ауылы, Самал тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Алау тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №219 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массиві, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массиві, №701-1320 үйлер.

      №220 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтобе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві, №886-1624 үйлер.

      №221 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы, Балауса көшесі, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві, №1625-2034 үйлер, Досан, Асаубарақ, Сүгір, Атагозы, Тобанияз көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №222 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№15 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылы, Алматы шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Болашақ шағын ауданының барлық тұрғын үйлері.

      №223 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Баянды ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Баянды ауылы, Баянды-3 тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері.

      №224 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, 14 орам, 30.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, Айрақты тұрғын үй массиві, Шапағат көшесінің барлық тұрғын үйлері, №13, 14 орамның барлық тұрғын үйлері.

      №225 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Маңғыстау ауылы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Маңғыстау ауылы, №16-119 үйлер, №15 орамның барлық тұрғын үйлері.

      №226 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Қаламқас тұрғын үй массиві, 740, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "Smart Ilim мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Шағала тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Темір су тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Қаламқас тұрғын үй массиві, №1; 2 көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №244 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, Қаламқас тұрғын үй массиві, 800, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Атамекен ауылы, Тамшалы тұрғын үй массивінің барлық тұрғын үйлері, Болашақ тұрғын үй массиві, Жұлдыз, Болашақ, Ғарыш, Наурыз көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №245 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Басқұдық ауылдық округі, Басқұдық ауылы, Жаңа Қоныс тұрғын үй алабы, Маната көшесі, 271.

      Шекарасы: Басқұдық ауылы, Маржан тұрғын үй массиві, Бейбітшілік, Сұңқар, Жігер, Еңбекші, Салтанат, Бәйтерек, Сарыарқа көшелерінің барлық тұрғын үйлері, Болашақ тұрғын үй массиві, Әділет, Ынтымақ көшелерінің барлық тұрғын үйлері, Жаңа қоныс тұрғын үй массиві, Береке, Ақеспе, Бесшоқы, Інжу, Шалқар, Маната, Айрақты көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

      №257 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылы, Хазар шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Астана шағын ауданының барлық тұрғын үйлері.

      №258 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№15 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Батыр ауылы, Самал шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Тамшалы шағын ауданының барлық тұрғын үйлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады