Мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 "Қостанай қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 114 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27844 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25124 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте, жеке басын сәйкестендiру үшін өтініш берушімен жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастармен - қандас куәлігі ұсынылады.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері, ай сайын, әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады