Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 676 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 маусымда № 28341 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі К. Испергенов

  Рудный қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы 27 мамырдағы
  № 676 қаулысына
  қосымша

Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

№ р/с

Орналасқан жері

Алып жатқан алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын арадағы инфрақұрылым

1

50 лет Октября көшесі, № 66 үй, "Европа" сауда үйінің оң жағында

15 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Европа" сауда үйі

2

Иван Франко көшесі, № 9 үй, "Колибри" дүкенінің артында

15 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Колибри" дүкені

3

50 лет Октября көшесі, № 25 үй, "Пятерка+" дүкенінің артында

7 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Пятерка+" дүкені

4

Горняков көшесі, № 43 үй, "Глобус" базарының сол жағында

20 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Глобус" базары

5

Павел Корчагин көшесі, № 88 үй, "ГУМ" сауда үйінің артында

25 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"ГУМ" сауда үйі

6

Павел Корчагин көшесі, № 112 үй, "Браво" дүкенінің артында

10 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Браво" дүкені

7

Горняков көшесі, № 68 үй, "7 Дней" дүкенінің артында

12 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"7 Дней" дүкені

8

Горький көшесі, № 58 үй, сауда алаңының сол жағында

25 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

Cауда алаңы

9

Қашар кенті, 1-шағынаудан, № 17 үйге қарама-қарсы

25 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Весна" супермаркеті

10

Қашар кенті, 1-шағынаудан, шағын базарға қарама-қарсы

25 шаршы метр

5 жыл

Бөлшек сауда тауарларын сату

"Непоседа" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады