Мәслихаттың 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 "Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 147 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28432 болып тіркелді

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25500 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар, жеке басын сәйкестендіру үшін, жеке басын куәландыратын кұжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының хатшысы С. Шалдыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады