Мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 "Алтынсарин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 123 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қазанда № 30190 болып тіркелді

      Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Алтынсарин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсанындағы № 65 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 26386 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мәслихаттың көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Есмуханов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 10 қазандағы
  № 123 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 64 шешіміне
  қосымша

Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26386 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ай сайын мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан берілген анықтаманың, сондай-ақ өтініш пен мүгедектігі бар баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берген айдан бастап аудандық немесе қалалық білім бөлімінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығандарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар балалардың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар балалардың қайтыс болуы), төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті белгіленген тізбе бойынша құжаттар шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектігі бар балалардың қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу әр мүгедектігі бар балаларға айна сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бас тарту негіздері шығындарды өндіріп алу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады