2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 127 "Қамысты ауданының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 ақпанда № 26738 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 127 "Қамысты ауданының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24517 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулыға қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі Г. Бекмухамедов

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 10 қаңтардағы
  № 1 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2021 жылғы 20 қыркүйектегі
  № 127 қаулысына
  қосымша

Қамысты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналастыру орындары

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы

1

Қарабатыр ауылы, Комсомольская көшесі, № 18 құрылысқа қарама-қарсы

30

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Гульжан" дүкені

2

Арқа ауылы, Школьная көшесі, № 5/2 құрылыстың алдында

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Мясной" дүкені

3

Клочков ауылы, Комсомольская көшесі, № 12 құрылысқа қарама-қарсы

65

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Алмат" дүкені

4

Талдыкөл ауылы, Комсомольская көшесі, № 1 құрылыстың алдында

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - жоқ

5

Жайылма ауылы, Ленин көшесі, № 14 құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - жоқ

6

Адай ауылы, Валиханов көшесі, № 25 құрылысқа қарама-қарсы

30

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Виктория" дүкені

7

Аралкөл ауылы, Мауленов көшесі, № 5 құрылысқа қарама-қарсы

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - жоқ

8

Орқаш ауылы, Центральная көшесі, № 8 құрылысқа қарама-қарсы

40

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - жоқ

9

Алтынсарин ауылы, Октябрьская көшесі, № 18 құрылысқа қарама-қарсы

38

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - жоқ

10

Дружба ауылы, Школьная көшесі, № 6 құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым - жоқ

11

Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 51 құрылыстың сол жағында

65

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Центральный" дүкені

12

Ливановка ауылы, Кооператоров көшесі, № 1 құрылыстың алдында

78

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Алиев" жеке кәсіпкердің дүкені

13

Фрунзе ауылы, Калинин көшесі, № 2 құрылысқа қарама-қарсы

65

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Коваленко" жеке кәсіпкердің дүкені

14

Бестөбе ауылы, Абай көшесі, № 22 құрылысқа қарама-қарсы

75

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Адлет" дүкені

15

Красногор ауылы, Парковая көшесі, № 7 құрылысқа қарама-қарсы

20

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, жақын орналасқан инфрақұрылым – "Продукты" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады