Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 175 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 14.11.2023 № 105 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9443 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақ 4) тармақшамен жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білімді алғаш рет сатып алатын адамдарға оқу жылы ішінде жартыжылдықта 1 рет аударылатын, Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, білім беру гранттарының иегерлері, мемлекеттік бюджеттен төленетін өзге де төлем түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, оның ішінде:

      өтініш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жастарға;

      мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға, табыстарын есепке алмай;";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:

      1) мүгедектігі бар адамдарға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрі-дәрмектерді сатып алуға және медициналық зерттеп қаралуға байланысты, шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      2) мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде

      4) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      5) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс Күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      7) ардагерлерге және Заңның 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа тұлғаларға, Жеңіс күніне, табыстарын есепке алмай:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі-КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектігі анықталған әскери қызметшілерге 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 ( бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар-1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстония КСР-і аумағында әрекет еткен, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедектік белгіленген, халықты қорғаудың жойғыш батальондарының, взводтары мен отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы адамдарға осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде міндетті;

      Ұлы Отан соғысын да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек қайтыс болған адамның зайыбына (жұбайына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедек адамдарға теңестірілген адамға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қайтыс болған қатысушының зайыбына (жұбайына) партизанның, астыртын әрекет жасаушының, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруы салдарынан мүгедек адамдар деп танылған азаматтың, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде қайталап некеге отырмаған еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы себептерден басқа) үшін;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      8) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне, табыстарын есепке алмай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады