Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 98 "Қарабалық ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 182 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қыркүйекте № 29637 болып тіркелді

      Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 98 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарабалық ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы"

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарабалық ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.".

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      2) осы қаулыны Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі Р. Халыков

  қаулысына
  қосымша
  Қарабалық ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 4 мамырдағы
  № 98 қаулысына
  қосымша

Қарабалық ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      1. Қарабалық кенті, Логовая көшесі, 22 үй, 2 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 30,91 теңге көлемінде.

      2. Қарабалық кенті, Советская көшесі, 19 үй, 2 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 28,87 теңге көлемінде.

      3. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 1 үй, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 37,69 теңге көлемінде.

      4. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 1а үй, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 46,8 теңге көлемінде.

      5. Қарабалық кенті, Северный шағын ауданы, 2 үй, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 45,12 теңге көлемінде.

      6. Қарабалық кенті, Черемушки шағын ауданы, 15 үй, 50 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 37,1 теңге көлемінде.

      7. Қарабалық кенті, Заводская көшесі, 2 үй, 6 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 0,64 теңге көлемінде.

      8. Қарабалық кенті, Титов көшесі, 16 үй, 9 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 0,3 теңге көлемінде.

      9. Қарабалық кенті, Гагарин көшесі, 24 үй, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 26,72 теңге көлемінде.

      10. Қарабалық кенті, Гоголь көшесі, 6 үй, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 99,12 теңге көлемінде.

      11. Қарабалық кенті, Гоголь көшесі, 33 үй, 3 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 0,55 теңге көлемінде.

      12. Қарабалық кенті, Заводская көшесі, 24 үй, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 3,62 теңге көлемінде.

      13. Қарабалық кенті, Иван Щеголихин көшесі, 5 үй, 7 пәтер, жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 99,92 теңге көлемінде.

      14. Қарабалық кенті, Черемушки шағын ауданы, 2 үй, 24 пәтер жалпы алаңның бір шаршы метріне айына 136,22 теңге көлемінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады