Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 854 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30147 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі Ж. Таукенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай облысы

      Қостанай ауданы мәслихаты

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 7 қазандағы
  № 854 қаулысына
  қосымша
  Қостанай облысы
  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 7 маусымдағы
  № 303 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары мен мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) хореограф;

      2) музыкалық жетекші;

      3) кітапханашы;

      4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      5) аккомпаниатор;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) барлық мамандықтағы мұғалімдер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады