Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Жолболды ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 мамырда № 28128 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жолболды ауылындағы келесі көшелері:

      "Центральная" көшесін "Достық" көшесі;

      "Коммунистическая" көшесін "Мұхтар Әуезов" көшесі;

      "Озерная" көшесін "Атамекен" көшесі;

      "Ленин" көшесін "Әйтеке би" көшесі;

      "Кабельная" көшесін "Сырдария" көшесі;

      "Заготзерно" көшесін "Ақ жайық" көшесі;

      "Степная" көшесін "Ұлы дала" көшесі;

      "Строительная" көшесін "Болашақ" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жолболды ауылдық округінің әкімі Х. Ахтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады