Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 5/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 2/20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27642 болып тіркелді

      Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 5/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7289 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
15 сәуірдегі № 2/20
шешіміне қосымша
  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 5/5 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына,Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Тереңкөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімдерімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде, алушының шотына аудару жолымен банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар, ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы көрсетіледі.

      4. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабы 2) тармақшасында, 11-бабы 2) тармақшасында, 12-бабы 2) тармақшасында және 13-бабы 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      6) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      Ауғанстандағы кеңестік әскери континентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кенестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      4) еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      5) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      6) зейнеткерлік жасқа толған азаматтар:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүмкіндігі шектеулі студенттер;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;

      он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған азаматтар;

      жетім балалар;

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      шұғыл немесе жоспарлы операцияға, оның ішінде бір айдан астам ұзақ ауруға шалдыққан адамдар;

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген кезде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын отбасылар;

      10) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      диспансерлік есепте тұрған қатерлі ісіктен зардап шегетін тұлғалар;

      амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      қант диабеті ауруынан зардап шегетін тұлғалар.

      8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне 7-тармақтың 6) тармақшасының 4 абзацында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне 7-тармақтың 1) тармақшасының 3, 4 абзацтарында, 5) тармақшасының 2 абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне 7-тармақтың 1) тармақшасының 2, 5 абзацтарында, 2), 3), 4) тармақшаларында, 5) тармақшасының 3 абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне 7-тармақтың 7) тармақшасының 5, 6 абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне 7-тармақтың 6) тармақшасының 2, 3 абзацында, 7) тармақшасының 2, 3, 4 абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге арналған 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде (сауықтыруға) еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 7) тармақшасының 2, 3, 4-абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде Қазақстан Республикасы бойынша медициналық мекемелерге жол жүру шығындарын 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде іс жүзіндегі шығындар бойынша өтеуге 7-тармақтың 7) тармақшасының 2-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 2-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 4-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 5-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысы білім беру басқармасының "Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын тізімге сәйкес 6 (алты) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 6-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш, Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны анықтамасы негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 10) тармақшасының 2-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 10) тармақшасының 4-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 10) тармақшасының 6-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 10) тармақшасының 7-абзацында көрсетілген санат үшін;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 7-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін (сауықтыруға);

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде гемодиализ орталығына жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 7) тармақшасының 3-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 7) тармақшасының 3, 4 абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде оқу кезеңінде тамақтануға, тұруға және оқуды аяқтау мерзіміне дейін жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 6, 7-абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шарт және жеке басын куәландыратын құжат қоса бере отырып, өтініш негізінде оқудың нақты құны бойынша оқудың аяқталу мерзіміне дейін оқуға 7-тармақтың 9) тармақшасының 6, 7-абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық кемлекеттік кәсіпорыны ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде 7-тармақтың 10) тармақшасының 5-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық кемлекеттік кәсіпорыны ұсынатын тізім негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 10) тармақшасының 3-абзацында көрсетілген санат үшін.

      9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде жеке ауланы дамытуға 110 (бір жүз он) АЕК мөлшерінде, ірі жемшөп сатып алуға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 3, 5-абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға 7-тармақтың 9) тармақшасының 5- абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 8-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 25 (жиырма бес) АЕК мөлшерінде (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) қатты отын сатып алуға 7-тармақтың 9) тармақшасының 9-абзацында көрсетілген санат үшін;

      ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде шағын орталықта және мектепке дейінгі балалар мекемесінде балаларды асырағаны үшін ата-ананың ақы төлеу шығындарын өтеуге 3 (үш) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 3-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шарт негізінде жоғары оқу орнында оқуды аяқтау мерзіміне дейін оқудың нақты құны бойынша оқу ақысын төлеуге 7-тармақтың 9) тармақшасының 3-абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде оқу мерзімі аяқталғанға дейін оқу кезеңінде тамақтануға, тұруға және жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 9) тармақшасының 3-абзацында көрсетілген санат үшін.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25-тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      12. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Тереңкөл ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады